ТАҒАЙЫНДАУ
Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №350-ө өкіміне сәйкес Серимов Қайрат Маратұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Серимов Қайрат Маратұлы 1979 жылы 8 қыркүйекте Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.
2005 жылы Агротехникалық институтын «бухгалтерлік есеп және аудит», 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Керімбай» шаруа қожалығының бухгалтер-экономисті болып бастаған.
2004-2008 жылдары «Керімбай» шаруа қожалығының басшысы, 2008-2009 жылдары Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2009-2010 жылдары Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2010-2015 жылдары Тамды ауылдық округінің әкімі, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры, 2017-2020 жылдары Қаратау қаласының әкімі, 2020 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.