Жүзден жүйрік атанды

0

Өнерлі орда Сарысудан шыққан, өмірі өлеңмен өрілген ақын-жазушыларымыздың ізін жалғастырып келе жатқан ақын жастарымыз әдеби байқауларда  жүлдегер атанып, аудан мерейін көршілес облыстарға танытып жүр. Теріскей Созақ ауданы, Созақ ауылдық мәдениет үйінде республикаға танымал Өскен Бөрғазыұлының рухына және   80 жылдығына арнап жыр мүшайрасы өткізілді. 

Мүшайраға  16-дан 70 жасқа дейінгі 30- ға тарта талапкерлер  қатысты.  Аталмыш жыр мүшайраға облыс, ауданымыздың атынан ақын Самат Тоқбанов қатысып, бағын сынады. Қазылар алқасының шешімімен  1-орынды сарысулық ақын Тоқбанов Самат қанжығасына байлады. Шымкент қаласының  ақыны Батырәлі Жүрсінбек 2-орынды иеленді. Ал, 3-орын созақтық Тұмартай Дінтайұлына берілді.  Сонымен қатар ең егде ақынға берілетін ынталандыру сыйлығы Дүйсенбек Сәңкібайға берілсе, ең жас ақын ретінде ынталандыру сыйлығы Ергешова Маликаға табысталды. Сондай-ақ мүшайраға қатысқан жеңімпаздар мен талапкерлерге қаржылай сыйлықтар берілді.

Өлең сүйген, поэзияны жан құмары деп білген қауым үшін бұл мүшайра ақ түйенің қарны жарылған  үлкен той секілді әсерлі өтті.

Иә, жерлес ақынымыз, әріптесіміз Самат Тоқбановқа қазақ поэзиясын жанрлық жағынан байытып, ауданның абыройын қара өлеңнің құдіретімен асқақтата беруіне тілекшіміз.

С.Есқараев,  «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.