Шөпті қауіпсіз жинау ережелері

0

Жаз-фермерлер үшін маңызды уақыт. Азық-түлік жинау кезеңінде жемді жинау ғана емес, оларды сақтау да маңызды. Ең алдымен, шөп-от үшін ең оңай олжа.

Өрт қаупі бар кезеңде ең кішкентай ұшқын қысқа уақыт ішінде өрескел жемді жоюға қабілетті өртті тудыруы мүмкін, ал одан әрі бақылаусыз таралу кезінде элемент орман алқаптарын жояды, елді мекендерге жақындап, тұрғын үйлер мен шаруашылық ғимараттарына қауіп төндіреді. Шөп жинау басталғанға дейін оған тартылған адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс, жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылуы тиіс, шөп дайындау кезінде тартылған ауыл шаруашылығы техникасы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы, реттелген қоректендіру, тұтану, майлау жүйелері болуы тиіс.

Белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайда-лануға тыйым салынады, далалық жағдайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Шөп жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажет. Өйткені, егер олар сақталмаса, шабындықтағы барлық көп күндік жұмыс бос кетуі мүмкін.

Ә.Бекенов,  Сарысу ауданы ТЖБ  аға инженері, азаматтық  қорғау аға лейтенанты               

статистика хабарлайды

Сарысу  ауданының 2023 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3644,9 тонна ет, 3138,8 тонна сүт, 2125,9 мың дана жұмыртқа, 245,7 тонна қой жүні өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 116,3 тонна ет, 97,4 тонна сүт, 48,2 мың дана жұмыртқа, 5,5 тонна қой жүні артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 31609 басқа, қой 250303 басқа, ешкі 33411 басқа, жылқы 10643 басқа, түйе 3529 басқа, үй құстары 27031 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 6314 басқа, қой 14236 басқа, жылқы 2051 басқа, түйе 299 басқа, үй құстары 604  басқа көбейіп, ешкі  13755  басқа азайған.

Өнеркәсіп өндірісі. 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 43447,5 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 105,1%-ды құрады.

Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 22879,6 млн. теңгені, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6862 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5101,7 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 1666,8 млн. теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары  363,0 млн. теңгеге, азық-түлік емес тауарлары  1303,8 млн. теңгеге сатылды.

Ќоєам болып кїрескенде єана нәтиже болмаќ

Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылмайды. Ол еліміздің әр азаматы жұмыла күрескен сәтте ғана нәтижелі  болатыны айқын.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қыстылықтың тигізер кесірін бұрынғы өткен ата – бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейкесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алу жағдайларының түп – тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Президентіміз алға тартқан міндет – жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу-барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы деп білу керек.

А.Рахимов, аудандық әлеуметтік   қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы

Сыбайлас жемќорлыќќа жол жоќ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

«Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық

филиалы

медициналық ақпарат

Емханаға жүгінгенде келеңсіз жағдайлар қаншалықты жиі орын алады және олардың көбін сол жерде шешуге болатынын білесіз бе? Мәселе шешілмесе не істеу керектігін және пациенттер жиі қандай жағдайларға тап болады?

1-жағдай

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз «Сақтандырылған», бірақ емханада сізге сақтандырылмағансыз дейді. Осы кезде уайымға салынбау керек.  Техникалық ақау орын алып жатады немесе сіздің мәртебеңіз туралы мәліметтер емхананың медициналық ақпараттық жүйесінде жаңартылмаған болуы мүмкін.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Қордың ресми ресурстарының бірі — Telegramдағы @Saqtandyrybot, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын ашыңыз немесе eGov.kz-тегі жеке кабинетке кіріңіз.

  • Өз ЖСН-іңізді теріңіз
  • МӘМС жүйесіне соңғы 12 айда төленген жарналардың көшірмесін аласыз.

Егер барлық төлемдер болса, сіздің мәртебеңіз «сақтандырылған» болса, Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қолыңызда болған жағдайда, төлем түбіртектерін көрсетуге болады. Сондай-ақ, мәртебені тексеру үшін 1414  Бірыңғай байланыс орталығына жүгіне аласыз.

Егер соңғы 1 жылда төленбеген  кезеңдер болса,  мәртебеңізді  қалпына  келтіру  үшін  өткізіп  алған  барлық  айларға жарналарды төлеңіз. Жарналар бойынша берешек төленгеннен кейін мәртебе 3 жұмыс күні ішінде жаңартылады. Яғни дәрігердің қабылдауына бірден жазыла алмайсыз, қабылдауды басқа күнге ауыстыру қажет.

2-жағдай

Сіз сақтандырылғансыз және МӘМС жарналарын үзбей төлейсіз, бірақ сізге бейінді мамандардың қабылдауына және немесе тексерулерге жолдамалар берілмейді.

Не істеу керек?

Бұл жолдаманы алу үшін сізде медициналық көрсеткіш болмауы мүмкін. Дәрігер пациентті консультациялық-диагностикалық қызметтерге жіберу туралы шешімді  диагноз белгілері негізінде және клиникалық хаттамаларды ескере отырып қабылдайды.

Егер сізде медициналық көрсеткіштер бола тұра  жолдама берілмесе, емханадағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгініңіз. Егер жағдай шешілмесе, сіз 1414 нөміріне қоңырау шалып, шағым қалдыра аласыз.

3-жағдай

Сізге тексерілуге немесе бейінді маманның кеңесіне жолдама берілді, бірақ жақын арада ол жерге жазылу мүмкін емес. Нәтижесінде күте тұруыңызды сұрайды.

Не істеу керек?

Бұрын пациенттер өзінің тіркелген емханаларында ғана медициналық қызмет ала алатын немесе белгілі бір диагностикалық орталықта қымбат тексеруден өту үшін квотаны күтетін. Қазір емханада жоспарлы медициналық көмекті екі апта ішінде ұсына алмаса, пациентті қажетті консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істейтін басқа медициналық ұйымға жолдамамен жіберуі тиіс. Егер дәрігер жолдама беруден бас тартса,  Пациенттерді қолдау қызметіне немесе бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына жүгіну керек. Мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса Медициналық сақтандыру қорының ресми кері байланыс арналары Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе fms.kz сайтының «сұраныс жіберу» бөлімінде өтініш қалдыра аласыз.

4-жағдай

Сізге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі немесе МӘМС пакетінде көзделген медициналық қызметтер үшін ақы төлеңіз дейді. Мысалы, КТ/МРТ нәтижелері жазылған диск пен пленканы сатып алуды және алдағы айға жазыла алмауына байланысты ақылы негізде ультра дыбыстық тексеруден өтуді  және т. б.сұрайды.

Не істеу керек?

Мұндай жағдайларда бірден Пациенттерді қолдау қызметіне немесе бас дәрігердің емдеу бөлімі бойынша орынбасарына жүгініп, не себепті медициналық қызмет көрсетуден бас тартқанын сұрау қажет.  Егер мәселе шешілмесе, Сіз Қорға шағым жіберіп, ресми жауап күте аласыз. Әдетте бұл мәселенің күрделілігіне және жоспардан тыс мониторинг жүргізу қажеттілігіне байланысты 1-ден 5 жұмыс күніне дейін созылады.

Егер сіз төлем жасап қойсаңыз, ақылы қызметтерді алуға келіскендігіңізді білдіреді.Сондықтан сіз қаражатыңызды қайтара алмайсыз. Бұндай жағдайда медициналық ұйымға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және алда  осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін Қорға хабарласу керек.

5-жағдай

Медициналық қызметтерге бөлінген қаражат лимиті таусылды, келесі айда келіңіз. Сіз осындай сипаттағы медициналық көмектен бас тарту жағдайына қаншалықты жиі ұшырайсыз?  Медициналық көмекке лимит жоқ. Егер тексеруден өтуге немесе бейінді маманның консультациясын алуға медициналық көрсеткіштер болса, сіздің учаскелік дәрігеріңіз өз емханаңыздың мамандарына жолдама беруі немесе бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымға жолдамамен жіберуі тиіс.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша

филиалы

Leave A Reply

Your email address will not be published.