«Qaz Intellekt» интеллектуалды-зияткерлік ойыны

0

 

Отанымыздың гүлденіп, қарыштауы, егемен еліміздің асқақтауы, болашағымыздың жарқын болуы тікелей жастарға байланысты. Әрбір қоғамда жастар мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болатыны анық. Осы орайда, ауданымызда Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «QAZ Intellekt» атты интеллектуалды-зияткерлік

 ойыны өткізілді.

Интеллектуалды-зияткерлік ойынын өткізудегі басты мақсат — ауданның 95 жылдық тарихын жастар арасында дәріптеп, түрлі зейінді дамытуға арналған ойындар, түрлі салалар мен олардың маңызын білу арқылы өзара пікір алмасып, әріптестік қарым-қатынасты нығайту. Аталмыш шараға аудандық орталық аурухана ұжымынан құралған «Дәрумендер» командасы, аудандық полиция бөлімі ұжымынан құралған «Тұмар» командасы,  бұқаралық спорт бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Олимпиада» командасы, аудандық кітапхана ұжымынан құралған «I love book» командасы және ауданның кәсіпкерлерінен құралған «Позитив» командасы қатысып, бақтарын сынады. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов жастарға білімнің жолында белсенділік таныту керектігін, ауданның тарихын кеңінен насихаттау-да осындай мағыналы іс — шаралардың жастарға қажет дүние болатындығын жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 6 кезеңнен құралған сайыс қорытындысы бойынша оқ бойы озып, үздік шыққан «Позитив» командасы 1-орынды «Олимпиада» командасы 2 — орынды және «Тұмар» командасы жүлделі 3 — орынды иеленді. Барлық қатысушы командалар мен әр топтың жетекшілеріне ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары тапсырылды.

Ауданымыздың тарихы мен шежіресін кеңінен қозғайтын осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

С.қуандықұлы,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.