ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ САҚТАЛУЫ ТИІС

0

Мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кештерінде келеңсіз оқиғалардың орын алмауын және бақылауда болуын қамтамасыз ету бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы Мамытовтың төрағалық етуімен жиын болып өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, аудан прокуроры Думан Алдабергенұлы, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің Сарысу аудандық  бөлімшесінің бастығы Асқар Айбосынов, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қуанышбек Қалжанов, білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кештерінде келеңсіз оқиғалардың орын алмауын және бақылауда болуын қамтамасыз ету туралы мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы:-Аудандағы 27 мектепті 385 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. Бұл мектеп бітірушілерге де және олардың ата-аналары үшін де үлкен бір іс-шара. 11 жыл бойы бір сыныпта білім алып, бірге есейген оқушылардың мектеп бітірер күні айтулы кеш ұйымдастыруы әдетке айналғаны рас. Бір топ бала сәнді әрі қымбат көліктерден кортеж ұйымдастырса, екінші топ сыныптастарымен бірге күн көтерілгенін күтіп, таң атырады. Алайда мұндай көпшілік жиын, жаңа өмірге қадам басқалы отырған жеткіншектердің көп жағдайда келеңсіз жайтқа ұшырауымен аяқталып жатады. Сол себепті оқыс, келеңсіз жағдайларды болдырмау бәріміздің мақсатымыз,-деді.

Мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кештерінде келеңсіз оқиғалардың орын алмауын және бақылауда болуын қамтамасыз ету туралы іс-шара жос-парымен аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов таныстырып өтті.

Жиынға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кештерінде төтенше жағдайлардың орын алмауын қадағалау және оның алдын алу бойынша аудандық топ құрамы бекітіліп,  адам көп шоғырланатын жерлерді құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар бөлімінің және орталық аурухана қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырылып, ойын-сауық орындарында, кафелерде мектеп оқушыларының түнгі мезгілде қараусыз жүрмеуін бақылауда ұстау үшін ата-аналардың арнайы чаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс екендігі тапсырылды.

Дәмеш СҮЛЕЙМЕН,

 «Sarysý»

Мереке күніндегі спартакиада

ауданымызда ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген қызметкерлерге арналған үш бірдей мереке күніне орай, қаладағы Спорт кешенінде аптаның бейсенбісінде аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс- шараларды өткізу» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық спартакиада өткізілді.

23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні, Қазақстан Полициясы күні және 24 маусым — Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай,  ұйымдастырылған шараның ашылуына аудан әкімі С.Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық прокуратураның басшысы Д.Алдабергенов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы А.Айбосынов, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Ашылуда сөз сөйлеген С.Үмбетұлы қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқаратын қызметкерлердің қоғамда орны қашан да жоғары екенін айтып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиаға қатысушылар спорттың дойбы, қол күресі, арқан тартыс, бильярд, тоғызқұмалақ және кіші футбол түрлерінен бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте 1 — орынды «Аудан әкімі аппараты» командасы үздік шығып жеңімпаз атанса, 2 — ші орынды аудандық сот, аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс істері және төтенше жағдай бөлімдері қызметкерлерінен құралған «Сұңқар» командасы иеленді. Жүлделі 3 — ші орынды аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің «Полиция бөлімі» командасы місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай — ақ, командалық есепте жеңіске жеткен командаларға қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

С.қуандықұлы,  «Sarysý»

Ономастика мәселелерінің бағыт-бағдарын түсіндірді

Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Ономастика мәселелері» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Кездесуді  аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Нұрғалиұлы Есмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы Тұрмаханбетова, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы Ақтолқын Комокқызы Исқалиева, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту  орталығының директоры Әлімбекова Гүлхан және аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері және ономастика саласына жауапты мамандар қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Сейітбекқызы сөз сөйлеп, ономастика мәселелерінің бағыт-бағдарын түсіндіріп өтті.

Баяндамашы өз сөзінде идеологиялық тұрғыда ескірген атаулардан арылу, бұл атаулардың біздің елімізге еш қатысы жоқ екендігін айта келе көше, елді мекендерді елімізге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерімен атау, олардың сол салаға еңбегі сіңген болуы қажет екендігін түсіндірді.

Жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, оған тиісті жауаптар қайтарылды. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары «Ономастика мәселелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізген қонақтарға алғысын білдірді.

Камели сүлейменова, «Sarysý»

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жалғасын тауып, Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі №35-ө өкімімен арнайы 3 жұмыс тобы бекітіліп, аптаның басында Сарысу ауданына келіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бекітілген топ құрамында құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік және тағы басқа салалардың өкілдері бар. Аталған топтардың мақсаты — ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау, этносаралық қақтығыстардың алдын алу және реттеу, ауыл тұрғындарына білікті денсаулық сақтау қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетулерін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халықты несиелендіру бойынша кеңес беру, тұрғындардың әлеуметтік мәселелері анықталған жағдайда, оны нақты шешу бойынша шаралар қабылдау, бизнесті дамыту және қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар туралы ақпараттандыруды сапалы жеткізу болып табылады. Жаңатас қаласындағы елді мекендерден бастау алып, ауылдық округтерде жалғасқан кездесуде сая-си ахуалдың жай — күйі айтылып, тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектері тыңдалды. Екі күнге созылған кездесулерден кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е.Есмахановтың төрағалығымен қорытынды актив жиналысы өтті. Жиынға облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы-этносаралық қатынастар жөніндегі мәселелер бөлімінің басшысы  Құдайберген Рысдәулет, мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сөз алған Құдайберген Жамбылұлы тұрғындармен кездесу барысында анықталған проб-лемаларды тізбектеп айтып шығып, басқарма өкілдері өз салалары бойынша осы мәселелердің алдағы уақытта шешілу жолдарын талқылап,  жұмыс жасау керектігіне тоқталды. Жиынды қорытындылаған Еркебұлан Нұрғалиұлы облыстан келген қонақтарға аудан тұрғындары атынан алғысын жеткізе келіп, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындар өз мәселелерін шешуде мемлекеттің қолдауы мен көмегін сезінгендігіне сенім білдірді. Жоба аясында аудан тұрғындары мемлекеттің қолдауын сезініп, көкейде жүрген сұрақтарымен жобаның жұмысшы тобымен кездесуге мүмкіндік алды. Нәтижелі іске тек мұрындық болар игі әрекет керек екендігін тұрғындар түсінді.

Самат Тоқбанов,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.