АУДАН ӘКІМІ С.МАМЫТОВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті Мемлекеттік қызмет-керлер! Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет-елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Өз халқың үшін қызмет ету − түсіне білгенге зор бақыт, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
Кеше ғана Түркістанда өткен ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Президентіміз Қ.Тоқаев «Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы, мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық», −деп ерекше атап көрсетті.
Әрбір мемлекеттік қызметші міндетінің ауқымды және мақсатының биік боларын жадында ұстауы керек. Бүгінде ауданда 120 мемлекеттік қызметші абыроймен қызмет атқарып келеді.
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің бас-ты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. Елге қызмет ету жолындағы қасиетті парызды естен шығармаған жөн. Әсіресе, осы асыл қасиеттер жас мемлекеттік қызметші жастарымыздың бойынан табылатынына сенімім мол.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Мерейлі мерекелі күнді пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметте табыс тілеймін!
Ел мен жердің берекесі жолында атқарған белсенді қызметтеріңіз арта берсін!
Еліміз аман, келешегіміз кемел болсын! Мереке құтты болсын!
Сессия өтті
Ағымдағы жылдың 19 маусым күні аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Бапашұлының төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс
5-ші сессиясы өтті
Сессия отырысына облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы облыс әкімі Н.Нұржігітовтің 2023 жылдың 15 маусымдағы №01-4177 ұсынысына сәйкес шақырылып, өткізілді. Сессия-да «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 32-бабының 1-тармағына және Қазақстан Рес-публикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» №828 Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихаттың шешімі қабылданып, Сарысу ауданы әкімінің лауазымына Мамытов Сәкен Үмбетұлының тағайындалуына келісім берілді.
Сарысу аудандық мәслихат
аппараты
ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың маңыздылығына тоқталды.
Білім және ғылым саласына қатысты жаһандану заманында кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы – бірінші кезекте қоғамдық институттардың өзгеруіне, бейімделуіне, ұлттың бірегейлігіне, құндылықтар қалыптастыруына, ғылым мен білімнің дамуы мен заманауи қоғам құру мәселелеріне тікелей байланысты екені айқындалды.
— Біз елімізді өркендетеміз десек, ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды мықтап қолға алуымыз керек. Бұл жұмысты «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында кешенді түрде жүзеге асыру қажет,– деді.
Расымен «Жаңа Қазақстанның» болашағы – көзі ашық, көкірегі ояу өскелең ұрпақта. Сондықтан да халықтың сапалы білімге қол жеткізуі үшін жүйелі жұмысты жандандырған жөн.
«Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр», — деді.
Расында бұл өте күрделі мәселе. Осы мақсатты топта жұмыс жасайтын барлық мүдделі тараптар бірігіп, тұрақты жобаларды іске асыру қажет деп есептеймін. Біз тек түсіндірме жұмыстарын жасаумен шектелмеуіміз қажет.
Ұлт тағдыры барлығымыздың жадымызда. Оның болашағы, өсіп- өркендеуі алаңдатпай қоймайды. Бүгін мемлекет басшысы Түркістан облысына іссапары барысында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізіп қайтты. Құрылтайда көптеген өзекті мәселелер талқыға түсіп, бірнеше жұмыстар қолға алынатынын айтты.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Бірінші құрылтай Жалпыұлттық референдумнан кейін шақырылды. Содан бері, міне, бір жыл өтті. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша маңызы бар тарихи кезең болды. Біз Ата Заңымызға әділдік рухын сіңіре отырып, конституциялық реформа жасадық. Бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түсті. Сонымен қатар, еліміздің ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарын айқындап берді.
Биліктің басты институттары қысқа мерзім ішінде мүлде басқаша сипатқа ие болды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды. Осының бәрі еліміздің саяси құрылымын орнықты және тиімді етіп қайта құруға септігін тигізді. Барынша әділ, ашық әрі бәсекеге лайық жүйе қалыптасты. Кейбір адамдар реформалардың табысты боларына күмәнмен қараған еді.
Бірақ, біздің бағдарымыз өзгерген жоқ. Ауқымды саяси жаңғыру жос-парын рет-ретімен жүзеге асырдық. Бәріміз бір ел болып орасан зор жұмыс атқардық. Қазақстан осыдан 2-3 жыл бұрынғы, тіпті, бір жыл бұрынғы қалпынан айтарлықтай өзгерді. Біз аз уақытта зор серпіліс жасадық. Бұған ынтымақ-бірліктің және сындарлы қоғамдық диалогтың арқасында қол жеткіздік»
Ш.Мұсабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы
Бала қауіпсіздігі — қоғамның басты міндеті
Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді білім беру ұйымдары арқылы түрлі іс-шараларда жан-жақты айтылып келеді. Бала тәрбиесіндегі аналар мен әкелердің ролін көрсететін форумдар өңірде белсенді өткізілуде. Осы орайда, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Бала қауіпсіздігі — қоғамның басты міндеті» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов, ауыл округтерінің әкімдері, аудан ардагерлері, денсаулық сақтау саласының мамандары, полиция қызметкерлері, ата-аналар қатысты. Жиынға Еркін Құлымбайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
— Бүгінгі күні ең өзекті мәселенің бірі-ол отбасындағы өсіп келе жатқан жасөспірімнің психологиялық ерекшелігін барлық жағдайда ескерілмеуі. 2022 жылы жасөспірімдер арасында 13 оқыс оқиға орын алған болатын. Әр оқиға бойынша жұмысшы топ құрылып, сараптама жұмыстары жүргізілді. Оның 11 оқиғасы жасөспірімнің тұрып жатқан мекенжайында орын алған.
Себебін анықтау мақсатында құзырлы орган қызметкерлерімен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 70-80% себебі белгісіз болып көрсетілген.
Отбасының әлеуметтік жағдайларына келетін болсақ 23,0% (3 бала) төмен, 38,5% (5 бала) орташа, 38,5% (5 бала) әлеуметтік жағдайы жақсы отбасында, 54,0% көпбалалы отбасында тәрбиеленген.
Ал биылғы, 2023 жылдың 5 айында 5 оқиға тіркелді. Осындай келеңсіз оқиғалардың куәгерлері болған отбасындағы балаларға кәсіби мамандар тарапынан оңалту шараларын ұйымдастыру керек, — деді Еркін Үйсімбаев.
Одан кейін балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша, психология ғылымдарының кандидаты Гульжан Вероцкая баяндама жасап, өзекті мәселелерді көтерсе, облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидологі Сауле Бурашева мен осы орталықтың психологы Жұмахан Халықов жастар арасында суицидтің алдын алудың жолдарын түсіндірді. Ауданның Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Жанат Жұмаділдаев балалардың қауіпсіз болуы алдымен ата- анаға міндетті екендігін айтса, облыстағы балалардың құқығын қорғау уәкілі Дәурен Бағжанов бала құқықтары мен бостандығы туралы хабарлама жасады.
Республикалық «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлес-тігінің Жамбыл облысындағы филиалының психологі Марал Хантөреқызы тренинг өткізіп кездесудің маңыздылығын арттыра түсті. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Шараны облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев қорытындылады.
Отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамды отбасы проб-лемаларына тарту және оларды шешудің жолдарын табу бойынша жұмыстар жүргізу бәріміз үшін басты міндет болып қала береді.
Штаб
отырысы өтті
Аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен штаб отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Бірінші мәселе бойынша «Қалалық қазандықтың» 2023-2024 жылдардағы жылыту мау-сымына дайындық барысы туралы» «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнының директоры А.Абилов, екінші мәселе бойынша «Жаңатас қаласының 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов, үшінші мәселе бойынша «Білім саласына қатысты нысандарының 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетов және төртінші мәселе бойынша «Денсаулық сақтау саласына қатысты нысандарының 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы А.Каликова хабарлама жасады.
Баяндамашыларға жиналысқа қатысушылар сұрақтар қойып, түйткілді мәселелерді шешуде ұсыныс — пікірлерін айтты. Хабарламашыларға С.Мамытов атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
С.Тоқбанов,
«Sarysý»