Ұлттар достығы-тұрақтылықтың кепілі

0

Біздің елімізде ұлттар достығының мызғымас үлгісі қалыптасқан. Мемлекетіміз өзге этнос өкілдерінің мәдениетінің, тілі мен салт-дәстүрінің дамуы үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр.

Елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму бар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері мұны жақсы ұғынады.

Біздің  ауданның халқы да – өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді.  Аудандағы этно-мәдени бірлестіктер тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Аудандағы этно – мәдени орталықтардың өкілдері аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып келеміз. Қазақта «Отаны бірдің — тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөзі бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болсада тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған ортақ Отанымыз – Қазақстанның дамуы жолында еңбек ете беретін боламыз.

Еліміздегі тұрақтылық пен тыныштық тек қана біздің ынтымағымыз бен бірлігіміздің, бір шаңырақтың астында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен татулығының арқасында бола беретіндігіне сенім мол.

Л.Вайс, 

Сарысу ауданындағы неміс этно-мәдени орталығының жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.