КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

0

Аудандық мәдениет үйінде «Coworking» орталығында 3 сәуір күні  «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы болып өтті.

Конференцияны «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Бұралқыұлы Есмұрзаев жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сәйкес бұл жиынға  «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының және Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Күн тәртібі бойынша конференцияда бір ғана мәселе қаралды. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Сарысу ауданының Жайылма ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидатты  келісу туралы ой-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ, Жайылма ауылдық округінің әкімі лауазымына ұсынылған кандидаттармен таныстырып өтті.  Оның алғашқы мәселесі бойынша «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Бұралқыұлы сөз алып, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған басты бағыттарының кейбіріне жеке тоқталып, «Жаңа Қазақстан» реформасының сипатын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында атқарылатын жұмыстарды баян етті.

Жиын барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Жиын соңында «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы конференция жұмысына қатысқандарға алғысын білдіріп, партияның мақсат-міндеттері айқын екенін жеткізе келе, табысты еңбек етуге шақырды.

Гүлбану Қаныбекқызы, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.