САЙЛАУДЫҢ ЗАҢДЫ ӨТУІ-ҚОҒАМ МӘРТЕБЕСІ

0

19 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өтетіндігі белгілі. Саяси науқан қарсаңында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Амангелдіұлы Шортанбаевпен газетіміздің тілшісі әңгімелесіп, пікір алмасып қайтқан еді. Басылымның бүгінгі санында сіздердің назарларыңызға әріптесіміздің сұхбатын

жариялап отырмыз.

-Дәулетберді Амангелдіұлы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды  тіркеу мерзімі туралы айтып өтсеңіз?

-Бірмандаттық  аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына өзін-өзі немесе саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18-00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен яғни 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18-ден кейін басталады және дауыс беру күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта, яғни 18 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

— Кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібіне тоқталсаңыз…

-Сайлау алдындағы үгіт пен үгіт жүргізу құқығы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27,28, 29 баптарында айқындалған.

Сайлау алдындағы үгiт мынадай жолдармен жүзеге асырылады :

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу жолымен;

3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен;

4) онлайн-платформалар арқылы

-Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде тыйым салынған мәселелерді тілге тиек етсеңіз?

— Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға мына жағдайларда тыйым салынады:

1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін атқару кезінде;

2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және судьяларға;

3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;

4) діни бірлестіктерге.

Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.

1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тарту;

2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады.

-Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген бас -па материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.

Кандидаттың сондай-ақ олардың сенім білдірген адамдарының белгіленген ережелерді бұзуы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп соғады.

Қандай да бір адамның бейнесін-оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады.

-Мазмұнды сұхбатыңыз үшін рахмет.

Сұхбатты жүргізген:

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.