АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР МЕН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауылдық округ әкімдерін қабылдап,  2022 жыл қорытындысымен атқарған жұмыстары, аудан әкімі мен бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын тыңдады.

Ауылдық округ әкімдерінің 2023 жылға ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін арттыру, азық-түлік өнімдерін, ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді ұйымдастыра отырып, шағын инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы алдағы атқарылатын жұмыстармен танысты.

Сонымен қатар, 2023 жылғы индикаторлық көрсеткіштердің жоспарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берілді.

 Басты назарға қойылған тапсырмалар:

-Ауыл тұрғындарының көкөніс, картоп, бақша дақылдарын өсіру;

-Ауылдың әлеуетіне, тұрғындардың бейіміне сәйкес шағын жобаларды іске асыру;

-Ауылдық округтерге жалпы бірдей 4 міндеттелген жобаларды (алма, жеміс бақтары, отбасылық жылыжайлар, шағын тауық өсіру фермасы және сүт жинақтап, сүт өңдеу кәсіпорындарына өткізу) іске асыру;

-Мемлекеттік қолдау шаралары, несие алу арқылы шаруашылықтардың жұмысын дамыту;

Осы тапсырмаларды іске асыруда қол жеткізетін нәтиже:

Ауданның өндірілген өнім көлемінің артуы, азық-түлік тауарларының жекеленген түрлері бойынша келетін импорт көлемін азайту, жергілікті өнімдерді ауыл тұрғындарының тұтынуы үшін дүкендерге шығару, шағын кәсіпкерлікті дамыта отырып, жұмыссыздар санын азайту.

АУДАН ӘКІМІ ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жетінші шақырылымдағы өкілеттілігі аяқталған аудандық мәслихат депутаттарын қабылдады. 

Кездесу барысында аудан әкімі     Марат Сұлтанғалиев өткен жетінші шақырылымдағы мәслихат депутаттарының жұмыстарын атап өтіп, олардың ауданды дамытудағы бірігіп атқарған жұмыстарына  ризашылығын білдірді.

— Ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне қатысты маңызды ауқымды жұмыстар атқарылды, мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей,  осының барлығында сіздердің де еңбектеріңіз еселі. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріңізбен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі. Сіздерге бірлескен табысты жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін,-деді аудан басшысы  өз сөзінде.

Сонымен қатар кездесуде аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы  депутаттары А.Сейналиев, Л.Нұрмаханова,  Р.Қамбарбаева, Е.Көлбаев сөз алып, мәслихат қабырғасында жүрген кездегі әріптестерінің жемісті жұмысын атап өтті.  Әріптестерінің алдағы уақыттағы жұмыстарына, өзге де бастамаларына сәттілік тіледі.

Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.