ТУҒАН ТІЛІМ-ЕГЕМЕНДІК ЕЛДІГІМ ТУҒАН ТІЛІМ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕҢДІГІМ

0

Өткен аптада аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты әдеби әуен кеші болып өтті.

Мерекелік кеш өтетін жер тақырыпқа сай безендірілген. Кешті аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Меруерт Қадырбекова, ТҮКШ-нің бас маманы С. Добрынин жүргізді.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов, «Алаш», «Дарабоз» сыйлықтарының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбин, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова және оқырмандар қатысты.

Іс-шара шымылдығы  өзге этнос өкілдерінің орындауындағы                                                                         «Тіл – татулық тірегі» атты композиция-сымен ашылды. Өзге этнос өкілдері қазақ тілінде тіл, достық туралы жырларын мәнерлеп оқыды.

Әдеби сазды, әуен кешінде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов:-Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды-дей отырып, «Үздік көрнекі ақпарат – 2022» аудандық байқауының жеңімпаздарын, тіл жанашырлары мен белсенді жастарды Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Келесі сөзді жазушы, КСРО және Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, еліміздің әдебиет саласының дамуына, ауданымыздың тарихын жарыққа шығарып, жастарымызға отансүйгіштік рухта тәлімін беріп, тынбай еңбек етіп жүрген,  ана тіліміздің жанашыры Пернебай Дүйсенбин сөз сөйлеп, Жаңатас атауының шығу тарихы жайлы жастарға әңгімелеп берді.

Мемлекеттік тілді құрметтеу және сөйлеу елімізде мекен етіп, өмір сүріп жатқан әрбір ұлттың міндеті және парызы деп білеміз. Іс-шара барысында ауданымыздағы өзге ұлт өкілдерінің, тіл жанашырларының бірі, «Айгөлек» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі, облыстық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты байқауының бас жүлде иегері Анна Баймаханова,Арыстанды орта мектебінің мұғалімі, күрді ұлтының өкілі, облыстық «Мемлекеттік тіл — мерейім» атты байқауының 2-ші орын иегері Саладин Айдаров сөз сөйлеп, тіл қадірі жайлы ой өрбітсе, мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және қазақ тілін жетік меңгерген бүлдіршіндерді ынталандыру мақсатында өткізілген «Қазақшаң қалай, балақай?» атты акцияның жеңімпаздары ортаға шығып, жыр маржанын ағытты. Ал,        «Абай оқулары» облыстық байқауының 1 орын жүлдегері  Жансая Қабанбаева «Желсіз түнде жарық-ай», «Абай оқулары» атты облыстық байқауының 2-ші орын иегері Сейдіш Диана «Анамның тілі» атты әндерін тамылжыта шырқаса, «Айгөлек» бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері «Бауырсақ» ертегісін, «А.Байтұрсынұлы оқулары — 2022» облыстық байқауының жеңімпазы Д. Қонаев атындағы орта мектептің оқушылары А.Байтұрсынұлының шығармасынан көріністер қойды.Тілдерді оқыту орталығы «Сарысу аудандық бөлімшесінің» тыңдаушылары «Қара жорға» биін, «Шерхан оқулары» облыстық байқауының жеңімпазы  Ерболат Ілиясов, «Тәуелсіздік тұғырым» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпазы Арайлым Салықбаеваның өзінің жүрек жарды «Ана тілім» өлеңін тыңдармандары ыстық ықыласпен қабыл алды.

Кешті аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова қорытындылап, іс-шараға атсалысқан барлық тіл жанашырларына алғысын білдірді.

Камели Сүлейменова, 

 «Sarysý»

кездесу кеші өтті

Өткен аптада Сарысу аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры. «ЕлАна» қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, ақпараттық сайтының Бас редакторы, ұстаз, журналист, Қазақ журналистикасының көркейіп, дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қайраткері Сәуле Мешітбайқызына арналған «Балаларға пана болған ана» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директорының өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Атаулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Есмаханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова, мәдениет бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Жолмаханова қатысты.

Қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы өз сөзінде үлкен тақырыптарды көтеріп, қоғам қайраткері ретінде тіл, дін, тарих, ауыл басқа да алуан ұлттық тақырыптарда сөз қозғады. Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорына сиясы кеппеген «Намыс қайрағы», «Ұлт шырағы» атты кітаптарын сыйға тартты.

Кеш барысында кешті жүргізуші кітапхана қызметкер Аяулым Досаева ақын, Қазақстан Журанлистер Одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлының «Сәуле» атты арнау өлеңін оқыса, Сәуле Мешітбайқызының өмірбаянымен кітапхана қызметкері Қадырбекова Раушан таныстырады.

Сондай-ақ мәдениет қызметкерлері Д.Сейдіш, А.Ұзақбекова кеш иесінің құрметіне «Әйел бақыты», «Мама» атты әндерді тамылжыта шырқады.

Дәмеш СҮЛЕЙМЕН, «Sarysý»

жеңіс тұғырынан

көрінді

Қараша айының 27-жұлдызында Тараз қаласында таланттарды топтастырған «Самға Қазақстаным» атты республикалық өнер байқауы болып өтті. Бабын сынамаққа бекінген үміткерлер «Вокал», «Аспапта ойнау» және «Көркемсөз» номинациялары бойынша өнер көрсетті. «Көркемсөз» номинациясы бойынша намысымызды қорғап барған Саудакент ауылдық аула клубы мекемесі «Көркемсөз» үйірмесінің тәрбиеленушісі Алтынбек Ақылбек бас жүлдені иеленді. 12 жасар  жерлесіміз 31 оқушының арасынан дара шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Қоңыр даусымен қоңыр өлеңді күңіренте оқыған Ақылбек тыңдарман қауымды тебірентпей қоймады. Жас дарынға толағай табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз!

Мадияр Ишанбеков,

Саудакент ауылдық аула клубы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.