МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

0

Құрметті Отандастар!

 

Ханымдар мен мырзалар!

 

Қадірлі қонақтар!

 

Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті.

Мен аймақтарды аралап, тұрғындармен кездескенде бұған айқын көз жеткіздім. Сондай-ақ өткен референдум тың бастамаларды жұртымыздың жаппай қолдайтынын көрсетті. Халықтың дұрыс бағыттағы өзгеріске ұмтылысы жұмысқа зор серпін берді. Біз реформаларды соңына дейін міндетті түрде жеткізуіміз қажет.   

Конституцияның жаңа талабына сәйкес бұдан былай Президент жеті жылдық бір мерзімге  ғана сайланады. Осылайша, саясаткерлердің жаңа буыны билік басына келе бастайды. Мен осы шешімнің дұрыс болғанына кәміл сенемін.  

Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады.   

Сайлау әділ әрі ашық өтті. Бұл – байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы. Ел-жұрттың белсенділігі ерекше жоғары болды. Кейбір азаматтар бүкіл отбасымен келіп, дауыс берді. Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті.

Бабаларымыз қай заманда да бірлігін бәрінен биік қойған. Біз ата жолын сақтай білген, заманауи және өркениетті ел екенімізді бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бірлігіміздің бекемдігін тағы да дәлелдей алдық.

Осы сайлауда жұртымыз маған зор сенім білдірді.  Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын.

Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау –  ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік. Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін.

Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

Сайлауға қатысқан барша жұртқа ризашылығымды білдіремін. Науқанға атсалысқан қауымға, байқаушылар мен журналистерге зор алғыс айтамын. Президенттікке кандидаттарға да  құрметімді білдіремін. Сайлауда саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар маңызды сәтте жұдырықтай жұмыла алатынын көрсетті. Осы ретте мені президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахметімді айтқым келеді.

Мен өзіме дауыс берген азаматтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының алдында есеп беретін болдым. Қазақта «Байлық не керек, адалдан жимасаң, билік не керек, әділдік құрмасаң» деген сөз бар. Бұл – бұлжытпай ұстанатын өмірлік қағидатым. 

Мен бүгін көк туды сүйіп, дана халқымның алдында бас идім. Азаттық жолында құрбан болған бабалар рухына тағзым еттім. Елімнің арман-мұратына өмір-бақи адал болуға серт бердім. Ешқашан адалдықтан аттамауға және ел мүддесіне қиянат жасамауға ант еттім. Ата заңға қолымды қойып, оның әр сөзін мүлтіксіз орындаймын. Халқымның алдындағы осы антым алдағы қызметімде Мен үшін айнымас темірқазық болады.

 

 Құрметті отандастар!

 

Өткен Президент сайлауы нағыз патриоттық шара болды. Сайлау азаматтарымыздың ел тағдырына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Бұл әділдік идеясының және халықтың ерік-жігерінің салтанат құрғанын, елімізді жан-жақты жаңғырту үдерісі басталғанын білдіреді.

 

Сайлау Қазақстандағы электоралды процестің ашықтығы мен әділдігін жаңа деңгейге көтерді. Сондай-ақ біздің қоғамның саяси мәдениеті мен кемелдік дәрежесі жоғары екенін танытты. Халық сайлау учаскелерінде алдағы жеті жылға арналған мемлекетті дамыту бағдарламасына оң баға берді. Маған сенім артқан барша отандасыма шексіз ризашылығымды білдіремін. Президент лауазымында елімізге адал қызмет етуге дайынмын. Бұл – зор абырой әрі үлкен жауапкершілік. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Алдағы жеті жылда халықтың зор сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Енді біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамды трансформациялап, Қазақстанды шынайы демократиялық институттары дамыған елге айналдыру үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, қастерлі тәуелсіздігімізді нығайтамыз.

Қазір біз осы қиын-қыстау жолдың басында тұрмыз. Алдымызда атқаратын жұмыс көп. Әрбір азамат елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуге тиіс. Мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты – білім беру ісінен бастап индустрияландыруға  дейін қоғамның барлық саласын жаңғырту. Еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің негізін жаңа технологиялар, жоғары еңбек өнімділігі, азаматтардың шығармашылық бастамалары құрайды.

Басты міндет – іскер азаматтарымыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді. Мемлекет пен бизнес – сенімді серіктестер. Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады.

Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды. Шынайы заң үстемдігін қамтамасыз етпей, әділетті әрі нарықтық экономиканы құру, жеке меншікті қорғау, бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Сондықтан заң алдында бәрінің тең болуы – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуының негізгі шарты. Барлық мәселе, әсіресе түйткілді және даулы проблемалар конструктивті диалог арқылы, ең алдымен, Парламентте шешілуге тиіс. Алдағы Сенат және Мәжіліс сайлауы осы мүмкіндікті береді. 

Біз «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын қатаң сақтауымыз керек. Біз «бірлігіміз – әралуандықта» формуласында көрініс тапқан халқымыздың тарихи жетістіктерін жан-жақты еселеуге тиіспіз. Қоғамда араздық туғызатын және ұлттың бірлігін бұзатын, түптеп келгенде, мемлекетімізге қарсы бағытталған арандатушылық әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады.

Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл – маңызды тарихи міндет. Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз. Президенттік кадр резервінің мүшелерін белсенді түрде тартамыз.

Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады.

Қазақстан өз ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған теңгерімді және конструктивті сыртқы саясатын жүзеге асыруды жалғастырады. Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктер жөніндегі серіктестермен арадағы өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік мәселелері басты назарда болады. АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен, Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа мүдделі елдердің барлығымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қазақстан қазіргі халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын берік ұстанатын ел болып қала береді.

 

Қымбатты отандастар!

 

Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз. Осы қағидаттар менің сайлау алдындағы тұғырнамамда нақты көрініс тапты. Мен оның әр сөзіне, әр сөйлеміне терең мән бердім. Сайлауалды бағдарламам – бұл ұзақ ой-толғау мен ізденістің нәтижесі. Тіпті, жүрегімнен шықты десем, артық айтқандық емес. Халықтың бастамаларға қолдау білдіріп, үлкен үміт күтіп отырғанын білемін. Тұғырнаманың әрбір тармағы толық орындалуға тиіс. Мен ол үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Осыған байланысты арнайы Жарлыққа қол қоямын. Бұл Жарлық нақты іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бағдарламаның мүлтіксіз орындалуын жеке бақылауыма аламын.

Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда ең алдымен, қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді.

Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ.  Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған  барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз.

Келесі маңызды бағыт. Біз әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтаруға тиіспіз. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады. Қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуға тиіс. Бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға,

мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын.

Мемлекеттік құрылыста біз «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты ұстанамыз. Президент сайлауы биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашты.  Сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болды.

Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз. Бүгін мен «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоямын. Осылайша, жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады.

Бұдан бөлек, бүгін мен конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қоямын. Келесі кезең – оны толыққанды трансформациялау. Басқа маңызды әрі өзекті мәселелер бойынша шешімдерді кейінірек жариялаймын. Тағы да қайталап айтамын, алда атқаратын шаруа көп. Бұл – жеңіл жұмыс емес,  бірақ елге пайдасы тиетін қызмет. Мен бүкіл мемлекеттік аппараттан осы міндетті абыроймен орындауды талап етемін.

Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар. Оларға қолдау көрсетеміз, ал қоғам құрметін білдіреді. Халқымыздың нақыл сөзін сәл түрлендіріп айтсақ: «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді». Осыны әр азамат түсінуі керек.

Ел мүддесі – бәрінен биік. Мен барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін. Бір сөзбен айтсам, кәсібилік, адалдық және қарапайымдылық біздің басты қағидаттарымыз болуға тиіс. Қоғамда жаңа құндылықтар орнықтырып, жақсы қасиеттерге ие бола алмасақ, реформаның бәрі бекер.

Көк байрағымыз, төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз біздің біртұтас халық екенімізді білдіреді. Бабаларымыз біртұтас ел болып, Еуразия төрінде даңқты шежіресін ат тұяғымен жазған Алтын орда мен Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер құрған. Сондай-ақ халқымыз ел басына күн туған күрделі сәттерде азаттығы үшін арпалысты. Әйгілі хандарымыздың, батырларымыздың және ұлт қайраткерлерінің ерлігі – осының айқын көрінісі. 

Ұлттың бостандық жолындағы табанды күресінің арқасында Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Егемен мемлекеттің құрылуына, оның іргесін бекіту жолында орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлғаларымызға әділ баға беруіміз керек.

Табыстарды және олқылықтарды ажырататын бұл – уақыт және тарих.  Уақыт – ең әділ қазы, ал тарих – бәріне таразы. Сондықтан саяси науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет. Біз болашақта әділетті мемлекет боламыз десек, өткенге әділдікпен қарап, одан тағылым ала білуіміз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену – өсетін елдің белгісі. Отаншылдық, еңбекқорлық, білімпаздық, жаңашылдық, жасампаздық, жанашырлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіруіміз қажет. Мен бұл туралы жиі айтып жүрмін.

Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс.  Әсіресе ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз.

Көпшілік қазіргі уақытта нағыз батырлардың жетіспейтінін айтады.  Бірақ нағыз қаһармандар жұрттың назарынан тыс жерде.  Олар біздің арамызда. Батырлар күн сайын зауыт станогында жұмыс істейді, қоғамдық көлік жүргізеді, ұшақ штурвалына отырады, құтқарушының қорғаныс киімін киеді, науқасқа жедел жәрдем беруге асығады, әскери техниканы меңгереді. Нағыз батырлар балаларымыз бен қарт ата-аналарымыздың дастарханы ас-ауқатқа толы болуы үшін ауылда таңмен таласа оянады. Біздің батырлар – өзінің жеке кәсібін бастайтын, жұмыс орындарын ашатын, қызметкерлері мен олардың отбасыларына жаңа мүмкіндіктер тудыратын кәсіпкерлер. Біздің батырлар – өзінің махаббаты мен күш-қуатын, тәжірибесі мен білімін, мүлкі мен қаражатын қоғамға риясыз ұсынатын еріктілер мен игі іс жасайтындар. Олардың барлығы – халықтың мақтанышы әрі үміті. Міне, осындай еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі.

Біз өркениеттің алғы шебіндегі мемлекетке айналу үшін тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет. Сондай-ақ тек тұтынушы емес, жаңа дүниені өндіруші ұлт атануымыз керек. Оған халқымыздың әлеуеті, дарыны, қарым-қабілеті жетеді. 

Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын.  Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды.  Бірақ жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек. Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды. 

Қазіргі заман уақытты жылдамдатып, оқиғалар тізбегін қабаттастырады. Сөзіміз бен ісіміздің шынайы бағасын тарих таразысы ғана береді. Ар-ұжданымыздың тазалығы мен халқымыздың құрметі – бәріміз үшін үлкен сый.

Біз – рухани мұрасы бай, қарқынды даму әлеуеті зор,  қуатты әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз. Шығыстың ұлы ұстазы Әл-Фараби адамдарды әділ болуға, ақиқатты сүюге, ар-намысты қастерлеуге, сабырлы болуға және қашан да білімге ұмтылуға үндеді. Мемлекеттілігіміздің дамуында қуатты серпіліс жасай алған ұрпақ ретінде тарихта қалуға зор мүмкіндігіміз бар екеніне сенімдімін. Елдің келешегі бізге, барлығымыздың қажырлы еңбегімізге байланысты.

Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ.

Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін.

Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде  Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым.  Ол – елдің амандығы. Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым. Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі.

Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін.  Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!

Еліміз өркендей берсін!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын!

Халқымыз жасасын!

Халқымыз әрқашан аман болсын!

Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!

 

выступление главы

государства

касым-жомарта токаева на церемонии инаугурации

Уважаемые соотечественники! Дамы и господа! Дорогие гости!

 

Этот год был особенно важным для нашего народа. Казахстан вступает в новую эпоху своего развития. Инициированные нами масштабные преобразования положили начало коренным переменам. Осуществлена конституционная реформа. Всесторонне обновлены все сферы государственной жизни. Благодаря этим изменениям крепнет вера народа в светлое будущее. В этом я убедился лично во время поездок по регионам и встреч с гражданами.

Прошедший референдум продемонстрировал всеобщую поддержку новых инициатив. Стремление казахстанцев к позитивным изменениям придало мощный импульс нашей работе. Мы непременно доведем начатые реформы до конца. Согласно новым конституционным нормам, Президент избирается на один срок продолжительностью семь лет. Это откроет дорогу к власти новому поколению политиков.

Уверен, это правильное решение. В соответствии с требованиями Конституции предстоит кардинальное обновление всех ветвей власти.

Президентские выборы открыли новый политический сезон. Избирательная кампания продлилась около трех месяцев. За этот период высказывались разные мнения, состоялись содержательные дискуссии о будущем нашей страны. Граждане показали неравнодушное отношение к своему будущему. Стало очевидным, что гражданское общество стало полноценным институтом. На политической арене появились новые личности. 20 ноября народ сделал свой выбор.

По оценке наблюдателей, экспертов и журналистов, выборы прошли справедливо и открыто. Особенно высокой была активность народа. Некоторые граждане приходили на избирательные участки целыми семьями. Прошедшая кампания показала, что интересы страны объединяют всех нас.

Во все времена у наших предков единство народа было превыше всего. Мы продемонстрировали миру, что являемся современным и цивилизованным государством и храним верность пути наших отцов и дедов. Таким образом, мы вновь доказали силу нашего единства. На этих выборах соотечественники убедительно поддержали меня. Доверие народа — это самая высокая ценность, которую невозможно сравнить ни с чем.

Итоги выборов я расцениваю как поддержку моей политической платформы и мандат доверия на реализацию планов на предстоящий период. Возглавлять страну, пользуясь всенародной поддержкой, — это высокая честь и колоссальная ответственность.Расцениваю это как уникальную возможность в предстоящие семь лет исполнить свой долг перед нынешним и будущими поколениями.

У казахов есть благородное понятие «аманат» — завет. Доверие народа — это вверенный мне аманат. И исполнить его — мой священный долг. Я приложу все усилия для того, чтобы оправдать доверие народа и превратить Казахстан в процветающее и благополучное государство.

Выражаю благодарность всем гражданам, принявшим участие в выборах. Особо признателен тем, кто активно участвовал в кампании, наблюдателям, журналистам.

Хочу высказать свое уважение кандидатам в Президенты. Политические партии и общественные объединения показали свою готовность сплотиться в ответственный момент.

Благодарю членов Народной коалиции, выдвинувшей меня единым кандидатом в Президенты.

Я несу ответственность не только перед гражданами, которые проголосовали за меня, но и перед всем народом Казахстана. Народная муд­рость гласит: «Зачем тебе богатство, если оно нажито нечестным путем, зачем тебе власть, если ты не строишь справедливость». Это мой жизненный принцип, которому я неукоснительно следую.

Сегодня, целуя небесно-голубой Флаг, я преклонил голову перед своим мудрым народом и почтил память предков, отдавших жизни за нашу свободу. Я поклялся всегда быть верным мечтам и чаяниям народа, никогда не сворачивать с намеченного пути и отстаивать национальные интересы Казахстана.Положив руку на Конституцию, я поклялся неукоснительно следовать каждому ее слову. Клятва, данная народу, будет незыблемым ориентиром в моей работе.

 

Уважаемые соотечествен-

ники!

 

Прошедшие Президентские выборы стали подлинным патриотическим актом. Выборы подтвердили искреннее неравнодушие граждан к судьбе Родины. Они стали олицетворением торжества идеи справедливости, триумфа народной воли, начала всестороннего обновления нашей страны.

Выборы установили новую планку открытости и прозрачности электорального процесса в Казахстане. Они продемонстрировали высокий уровень политической культуры и зрелость нашего общества.

На избирательных участках народ дал положительную оценку программы развития государства на ближайшие семь лет. Безмерно благодарен всем за оказанное доверие, готов верой и правдой служить нашей стране на посту Президента. Это высочайшая честь и огромная ответственность.

Для меня интересы государства превыше всего. Сделаю все, чтобы в предстоящие семь лет оправдать высокое доверие народа.

Теперь наша общая цель —

построить Справедливый Казахстан, где царит закон и соб­людается порядок, где проявляется должное уважение к правам граждан. Нам предстоит проделать большую работу по трансформации общества и превращению Казахстана в развитую страну с подлинно демократическими институтами. Только так мы сформируем новое качество нации и укрепим нашу священную Независимость.

Сейчас мы находимся в самом начале тернистого пути. Впереди очень много работы. Каждый гражданин должен осознавать свою ответственность за будущее страны. Красной нитью сквозь нашу государственную политику будет проходить модернизация всех сфер жизни — от образования до индустриализации.

Основу долгосрочного экономического роста нашей страны составят новые технологии, высокая производительность труда, творческая инициатива граждан. Приоритетная задача — устранить все искусственные барьеры и ограничения, сдерживающие предпринимательский дух наших деятельных граждан.

Предприниматели должны навсегда забыть о беспричинных проверках их бизнеса, они будут иметь дело только с налоговыми ревизиями. Государство и бизнес это естественные партнеры. Все, кто незаконно препятствуют развитию малого и среднего бизнеса, будут привлекаться к строгому наказанию согласно закону. Нам предстоит заняться реальной индустриализацией, строительством и модернизацией инфраструктуры.

Важно, чтобы каждый регион нашей огромной страны получил новый импульс к развитию. Построение справедливой рыночной экономики, защита частной собственности, развитие конкуренции, искоренение коррупции невозможны без обеспечения подлинного верховенства права.

Поэтому равенство всех перед законом — ключевое условие долгосрочного прогресса нашего государства.

Все вопросы, особенно проблемные и спорные, должны решаться только через конструктивный диалог, через дискуссии, прежде всего, в Парламенте. Предстоящие выборы в Сенат и Мажилис предоставляют такую возможность. Мы будем неизменно следовать принципу «разные мнения, но единая нация».

Мы должны всячески укреплять исторический актив нашего народа, выраженный в формуле «единство в многообразии».

Провокации, сеющие раздор в обществе, подрывающие единство нации и в конечном счете направленные против нашего государства, будут жестко пресекаться.

Мы обязаны построить эффективное государство, отвечающее запросам граждан и требованиям времени. Это историческая по свое­му масштабу задача.

На государственную службу привлечем новых управленцев из

реального сектора, прошедших отбор в соответствии с принципами меритократии и открытой конкуренции. Активно задействуем членов Президентского кадрового резерва.

Наше главное богатство — это люди. Поэтому крайне важно создавать все условия для благополучия граждан.

В своем развитии наша страна будет в основном рассчитывать на собственные силы, но в то же время активно развивать международное сотрудничество в различных областях, включая привлечение прямых иностранных инвестиций.

Казахстан продолжит осуществление сбалансированной, конструктивной внешней политики, направленной на защиту национальных интересов.

В фокусе приоритетного внимания будут находиться вопросы взаимовыгодного сотрудничества и стратегического партнерства с соседними государствами — Россией, Китаем и братскими странами Центральной Азии, с партнерами по интеграционным объединениям.

Будем прилагать все усилия с целью развития многогранного сотрудничества с США, Европейским Союзом, государствами Азии, Ближнего Востока и Закавказья, а также со всеми заинтересованными странами.

Казахстан остается приверженным современному международному праву и Уставу ООН.

 

Дорогие соотечественники!

 

Мы построим справедливое государство, справедливую экономику и справедливое общество. Эти принципы нашли конкретное воплощение в моей предвыборной программе.

Я придаю большое значение каж­дому ее слову, каждому предложению. Моя программа стала результатом долгих размышлений и поисков. Не будет преувеличением сказать, что она прошла через мое сердце. Знаю, что народ поддерживает мои инициативы и возлагает на них большие надежды.

Я приложу все свои усилия к тому, чтобы полностью реализовать каждый пункт предвыборной программы.

В связи с этим я подпишу специальный Указ, который утвердит конкретные меры по ее реализации.

Я буду лично контролировать процесс неукоснительного исполнения программы. Сейчас время не праздновать победу на выборах, а упорно трудиться. Поэтому нам нужно незамедлительно приступить к работе. Ни в коем случае нельзя расслабляться.

В этой связи хотел бы остановиться на нескольких вопросах, которые необходимо решить в первую очередь.

В моих предвыборных выступлениях особое внимание было уделено развитию села. На сегодняшний день около 40 % населения проживает в сельской местности. Не зря в народе говорят: «Ауыл — ел бесігі» («Аул — это золотая колыбель»). Поэтому улучшение условий жизни сельчан — дело чести для нас. С этой целью я сегодня подпишу Указ, в котором будет дано поручение Правительству разработать концепцию развития села сроком на пять лет.

Это будет мой первый Указ в рамках нового срока президентских полномочий. Правительству необходимо обобщить и систематизировать все проекты, направленные на развитие села. Затем мы приступим к необходимой работе.

Другое важное направление. Мы должны восстановить справедливость и вернуть все нелегально выведенные из страны активы. Для этого Правительством будет подготовлен законопроект, который зарегламентирует необходимые процедуры для возврата незаконно вывезенных капиталов.

Законопроект также будет направлен на устранение причин и условий, способствовавших несправедливому обогащению и незаконному выводу активов.

Все возвращенные средства должны работать на благо граждан. Их следует инвестировать в открытие высокотехнологичных производств, строительство школ и больниц, реализацию социальных проектов. Соответствующий Указ я подпишу сегодня.

Полагаю, что состоятельные предприниматели в самом скором времени откликнутся на призыв активизировать свою социальную деятельность на благо граждан.

В государственном строительстве мы четко следуем формуле «сильный Президент — влиятельный Парламент — подотчетное Правительство».

Выборы Президента запустили процесс последовательной перезагрузки всех основных институтов власти.

Они стали первым этапом большого электорального цикла. Мы продолжим планомерный процесс политической модернизации.

Сегодня я также подпишу Указ «О назначении выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан».

Таким образом, очередные выборы депутатов верхней палаты станут продолжением практической реализации конституционной реформы.

По их итогам на основе принципов конкуренции и открытости обновится часть депутатского корпуса Сената.

Кроме того, сегодня мною в качестве очередного шага по реализации конституционной реформы будет подписан Указ «О некоторых вопросах Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан». Следующим этапом станет ее полноценная трансформация.

О решениях по другим важным и актуальным вопросам я объявлю позже. Вновь повторю, нам предстоят большие дела. Это будет нелегкая работа во благо нашей страны.

Я требую от всего государственного аппарата с честью выполнить эту задачу. В наших рядах найдется место только для тех, кто самоотверженно трудится и преданно служит стране.

Они могут рассчитывать на нашу поддержку и уважение общества.

Хотел бы немного перефразировать народную мудрость: «Богатство и карьера — это лед, который тает в руках. А дела во благо страны оставят наследие, которое будет передаваться из поколения в поколение».

Это должен осознавать каждый гражданин.Интересы страны превыше всего. Требую от всех государственных служащих добросовестно исполнять свои обязанности.

Иными словами, профессионализм, честность и скромность должны стать нашими главными принципами.

Если нам не удастся привить обществу новые ценности и выработать лучшие качества, то все реформы будут тщетными. Небесно-голубой Флаг, паспорт и государственный язык олицетворяют единство нашего народа.

Наши предки, сплотившись воедино, образовали на пространстве Евразии такие сильные государства, как Золотая Орда и Казахское ханство, тем самым вписав славные страницы в нашу историю.

Наш народ в самые сложные времена отстаивал свою свободу. Героизм наших ханов, батыров, выдающихся личностей — яркое тому подтверждение.

В упорной борьбе за свободу Казахстан обрел свою независимость.

Мы должны дать справедливую оценку историческим личностям, внесшим огромный вклад в создание и укрепление нашего суверенного государства.

Только время и история позволят дать оценку успехам и просчетам. Время — самый справедливый судья, история — мерило истины. Поэтому мы не должны допускать политической кампанейщины.

Если мы хотим стать справедливым государством, мы должны объективно оценивать прошлое и извлекать из него уроки. «Хорошему учись, от плохого подальше держись». Этого правила должно придерживаться устремленное в будущее государство.

Мы должны прививать такие благородные качества, как патриотизм, трудолюбие, любознательность, новаторство, созидание, солидарность и милосердие. Я часто говорю об этом.

В Справедливом Казахстане человек труда должен пользоваться особым почетом. Очень важно еще выше поднять статус педагогов, врачей, стражей порядка, спасателей, рабочих, крестьян.

Они должны стать самыми уважаемыми гражданами страны. Только тогда, когда представители этих профессий будут пользоваться должным уважением и почетом, мы сможем сказать, что наше общество действительно обновилось.

Многие сетуют на недостаток истинных героев в наше время. Но настоящие герои не там, где яркие софиты и где звучат продолжительные аплодисменты. Герои находятся среди нас.

Каждый день герои встают у заводского станка, управляют общественным транспортом, садятся за штурвалы самолетов, надевают защитную форму спасателя, спешат на экстренные вызовы пациентов, осваивают военную технику.

Подлинные герои просыпаются рано утром в селах, чтобы на наших столах было достаточно еды, и мы могли бы накормить своих маленьких детей и престарелых родителей.

Наши герои — это предприниматели, начинающие свое собственное дело, открывающие рабочие места, создающие новые возможности для своих сотрудников и их семей.

Наши герои — это волонтеры и благотворители, которые безвозмездно дарят обществу свою любовь и энергию, опыт и знания, имущество и финансы.

Все они являются гордостью и надеждой народа. Именно на людей труда опирается наша страна.

Чтобы быть в авангарде передовых государств, нам необходимо стать нацией, которая не только учится, но и может научить других. Мы должны не только пользоваться тем, что создали другие, но и дать миру собственные открытия и достижения. И для этого у нашего народа есть и потенциал, и талант, и навыки. Я горжусь нашей динамичной и прогрессивно мыслящей молодежью.

Поэтому готов повторять слова поэта Магжана Жумабаева: «Я верю в молодежь».

Действительно, все мы должны поддерживать молодежь! Именно подрастающее поколение откроет нашей стране путь к светлому будущему. Но, чтобы добиться успеха, молодым людям нужно неустанно трудиться, стремиться к новым знаниям и опыту.

Только в этом случае они станут настоящими профессионалами своего дела, будут востребованными и уважаемыми, принесут пользу обществу.

Личности, которая следует этим принципам, не грозит поражение. Современная эпоха ускоряет время, спрессовывает происходящие события. Истинную ценность наших слов и дел могут определить только весы истории.

Наградой для всех будет чистая совесть и признание народа. Эту формулу я отношу прежде всего к самому себе.

Мы сильная и самодостаточная нация, обладающая богатым духовным наследием и огромным созидательным потенциалом для поступательного прогресса.

Великий учитель Востока аль-Фараби призывал людей быть справедливыми, любить правду и дорожить честью, быть умеренными в своих желаниях и всегда стремиться к знаниям.

Уверен, у нас есть хороший шанс войти в историю как поколение, которое сумело осуществить мощный прорыв в развитии нашей государственности.

Все зависит от нас самих, от того, как упорно мы будем работать.

Наш долг — оставить будущим поколениям сильное государство.

Мы еще можем столкнуться со многими испытаниями и трудностями.Но мы с честью преодолеем все препятствия, если сумеем сохранить согласие.

Обращаясь сегодня ко всему народу, хочу пожелать лишь одно —чтобы наши начинания были успешно воплощены в жизнь. Казахи — народ, верный своим традициям.

В священной Мекке, читая у подножия Каабы Коран в память о предках, я просил Всевышнего только об одном — о благополучии нашей страны.

Только сохранив благополучие страны, единство народа и территориальную целостность, мы сможем сделать нашу государственность незыблемой.

Мой священный долг как сына казахского народа и Президента Казахстана — хранить эти непреложные ценности.

Могу прямо сказать: любая должность временна, но народ вечен. Верю, что в предстоящие семь лет я при поддержке народа с честью выполню свою Президентскую миссию.

 

У нас одна Родина, одно государство, один народ!

Так давайте будем едины!

Пусть процветает наша страна!

Да здравствует наша Родина — Республика Казахстан!

Да здравствует наш народ!

Пусть будет благополучен наш народ!

Да здравствует независимый Казахстан!

akorda.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.