СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

0

2022 жылғы 07 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен  2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Аталған семинар-кеңеске аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары және  қала, аудан әкімдері аппаратының бас есепшілері қатысты.

Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржыландыру мәселелері туралы;
  2. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары туралы;
  3. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары туралы;
  4. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы;

Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша:  Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы-бас есепшісі 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңіріміздің барлық аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қаржы қызметтерінің қызметкерлерін алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты бюджетті жоспарлаудың негізгі бағыттары мен шығыстарын түсіндірді.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ақпараттандыру жұмыстары» бойынша Ортсайлаукомның сыртқы баннерлерінің эскиздеріне сәйкес облыс бойынша 250 дана ақпараттық баннерлер әзірленіп, облыстағы елдімекендердің көрнекті жерлеріне орналастыру жұмыстары жүріп жатқандығын айтып өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және ҚР Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру жұмыстары» бойынша  толық мәлімет беріп өтті.

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы 2022  жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.

Баяндамасында  2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстың сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар 705 911 азамат енгенін, жергілікті атқарушы органдар азамат дауыс беретін учаскеде сайлаушылар тізіміне енгізуді қамтамасыз ететінін және тіркелген жері бойынша азаматты сайлаушылар тізімінен алып тастауды ұйымдастыратыны жөнінде толық мәлімет беріп өтті.

Жиын соңында,  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов аумақтық сайлау комиссияларына іс-шаралардың орындалу мерзімдерін қатаң басшылыққа алуды және күн тәртібіндедегі мәселелер бойынша  бірқатар тапсырмалар берді.

Сарысу аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.