САУМАЛДЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕР

0

Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылған сүтін «саумал» деп те атайды.

Сүтті сауғанда қалайы ыдысқа сауса шипалық қасиетін тез жояды. Саумалды қыш ыдысқа, не болмаса ысталған қауаққа сауады. Тағы бір ескертетін жәйт, саумалды бір ыдыстан келесі ыдысқа қотарып мазалай бермейді. Саумалдың шипалы болуына, қымыздың емдік қасиетіне – жылқының жайылымы, жеген шөбі, ішкен суы мен ауасының да әсері бар.

Саумалдың шипалық қасиеті  қырыққа жуық аурудың алдын алады. Әсіресе асқазан, қырыққатпаршақ, өт, бауыр, тоқішек қабынуының алдын алуда маңызы зор. Қан кеселіне тосқауыл, оны «қанның сүзгісі» деп орынды атайды. Ағзаның ауруға қарсы белсенділігін күшейтеді. Обыр клеткаларына тосқауыл болып, буын ауруларына пайдасы тиеді. Ғалымдардың пайымдауынша, саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілуі кезінде асқорыту үдерісіне қатысатын ағзаларға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу үдерісін жылдамдатады. Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады. Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар мол. Айта кетерлігі, мұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Саумалдың құрамындағы С дәруменінің мөлшері сиыр сүтінен 7 есеге жоғары. Қазірде Еуропа ғалымдарының өзі саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.

Көптеген адамдар бие сүтін қалай қолдану керектігін біле бермейді. Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен абзал. Ем осылай жалғаса берсе бір аптадан кейін, адамның көңіл-күйі көтеріліп, ұйқысы жақсарып, асқа деген тәбеті ашылады. Емделу уақыты – 1 ай. Бие сүті сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады, мұны да біле жүрген жөн. Бірақ саумалды мұздату арқылы «өмірін» ұзартуға болады. Осылай еткенде табиғи өнім барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерді өз бойында сақтайды.

Емдік қасиеттері

Саумал – бұл жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сол себептен, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады. Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, ол қан айналымын жақсартады және ер адамның потенциасын күшейтеді. Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да  биологиялық белсенді заттар бар. Кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Ал, құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары. Еуропаның ғалымдары оны емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді. Саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасы  ауруын емдеуге болады.

Саумал мен қымыздың қандай пайдасы бар?

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екені талай мәрте жазылып та келеді. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен оның шипасы туралы тағы бір мәрте оқырман назарына салуды жөн көріп отырмыз.

* Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

* Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.

* Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.

* Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.

* Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.

* Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.

* Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.

* Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

* Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.

* Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.

* Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

* Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 – 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

* Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады.

* Бие сүтіндегі полиқанықпаған май қышқылдары қан айналымын жақсартады.

* Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.

* Қымыздың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады.

* Ағзадағы зат алмасуын реттеп отыратын асқазанның, ішектің, ұйқы безінің ас қорыту сөлдерінің, бауырдағы өт бөлетін ферменттердің жұмысын ынталандыратын қымыз құрамында пайдалы заттар бар.

* Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.

өнер

Өнерлі өрге жүзер

Балалар шығармашылық орталығының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және APT LANE үйірме жетекшісі, Халықаралық байқаудың бас жүлде иегері Айгерім Болатқызы Исаеваның түрлі-түсті бояулармен салған суреттерін, гипстен жасаған, матадан дайындаған шығармаларын жариялап отырмыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.