АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ аппараттық кеңесінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №01-02-05 хаттамасына сәйкес, Заңды тұлғалардан хабарлама жасау сипатындағы қызметтер көрсетуге филиалдарда құжаттарды қабылдауды тоқтатып, филиалдардың кіріс хат-хабарларын Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастыруын жүргізу бойынша:

Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу және филиалдармен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңының 14-2 бабына сәйкес, хабарлама жасау тәртібі қызметтерінің тізбесі төмендегіше:

1) Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдікті) орналасқан жерінің өзгеруі;

2) Басшыны өзгерту (басшы тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттетуді);

3) Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беруді;

4) Шаруашылық серіктестік- терінің жарғылық капиталын ұлғайтуды;

5) Экономикалық қызметтің негізгі түрін өзгертуді.

Бұл қызметтер тегін көрсетіледі.

Екі қызметті қоспағанда, жоғарыда көрсетілген қызметтің кіші түрлері (жарғылық капиталды ұлғайту, Экономикалық қызмет түрін өзгертуді) фронт пен бэк- офистердің қатысуынсыз «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ж.Нұрмағанбетов,

аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің тіркеуші

бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.