ЖЕМҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ

0

Бүгінде әрбір азамат  Жаңа Қазақстанды құру, осы жолда қандай да бір үлес қосу жайында ойланып жүргені анық. Еліміз талай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешкен. Десе де, ұдайы даму үстінде келеді. Мемлекеттің дамуы мен азаматтық қоғам орнауының бірден бір кедергісі ол жемқорлық екені баршаға мәлім

Бүгінде әрбір азамат  Жаңа Қазақстанды құру, осы жолда қандай да бір үлес қосу жайында ойланып жүргені анық. Еліміз талай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешкен. Десе де, ұдайы даму үстінде келеді. Мемлекеттің дамуы мен азаматтық қоғам орнауының бірден бір кедергісі ол жемқорлық екені баршаға мәлім.

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күресіп келеді. Жемқорлық-бұл заман дерті. Өкінішке орай бұл дерт біздің қоғамымызды да айналып өтпеді. Дегенмен, аталған дертпен күресу, оны түбегейлі жою өз қолымызда. Ол үшін әрбіріміз өз еліміздің, халқымыздың болашағын, Сіз бен біздің ұлдарымыз бен қыздарымыз адал әрі әділ қоғамда өсуіне өз үлесімізді қосып, жемқорлықтың қандайда бір белгісімен жұмыла күресуіміз керек. Намысшыл, патриот, адал ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының  қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде.

Жаңа Қазақстан құру жолында алар биіктеріміз бен қол жеткізуге тиіс мақсаттарымыз көп. Осы орайда, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Еліміз дамып өркендеуі жолында «сыбайлас жемқорлықпен» күресу әрбір  Қазақстан азаматының борышы.

Г.Сауқымова аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының  бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.