МАЗМҰНЫ БӨЛЕК ҚҰЖАТ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Президент Тоқаевтың „Жаңа Қазақстан: жаңарумен жаңғыру жолы” атты Қазақстанхалқына Жолдауында елдің саяси жүйесінжаңғырту мәселесі баяндалып, „Күшті — Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” формуласын берік ұстану
арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарлату, елдің тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты. Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының  Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді.
Соның ішінде жаңадан облыстар құру Абай,

Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы
Дінмұхамед Қонаевтың атына берудіде ұсынды. Халықтың пікіріне құлақ асатын
билік әрдайым мәртебесі жоғары болады деп ойлаймын.

М.ОМАРОВ,
қала тұрғыны

Leave A Reply

Your email address will not be published.