ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

0

Жуырда Нұр- Сұлтан қаласында дзю-додан 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен спортшыларымыз бақтарын сынады. Осы жарысқа ауданымыздағы № 28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  жаттық- тырушысы Тұрар Тәттібаев- тың шәкірті Дилназ Досберген 57 келі салмақ дәрежесінде бағын сынап,  командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.

Ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдармен марапатталды.

Жеңімпаз спортшымыз Д.Досберген өз сөзінде:

-Осы жеңіске жетуім жаттықтырушым Т.Тәттібаевтың арқасында. Алдағы күндерде аудан, облыс, республика намысын қорғауға бар күшімді саламын. Бұл жеңісімді  Сарысу ауданына арнаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа Қазақстан көркейіп жайнай берсін,-деді.

Иә, спортшымызға әлем ареналарында  еліміздің намысын қорғап, көк байрақты желбірете берсін дейміз.

«SARYSÝ-Aqparat»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.