КЕЗЕКТІ СЕССИЯ

0

Аудандық мәслихаттың 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі және аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу бағытындағы атқарылған жұмыстарының барысы» және «Аудандағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы» мәселесін зерделеу мен жағдайын анықтау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық мәслихат аппараты қызметшілері енгізілген  жұмысшы тобы құрылып, зерделеді.

Арнайы жасалған жұмыс жоспарға сәйкес жұмысшы топ мүшелері жадынама бойынша аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің атқарылып жатқан және алдағы жоспарлы жұмыстарымен танысты. Танысу барысында бірқатар жәйттер анықталып, алдағы кезекті сессия отырысында талқыланатынын және аудан басшылығына жеткізілетіндігі айтылды.

Ауданның дамуы үшін әлі де жүргізілетін жұмыстар жөнінде аудандық депутаттар тарапынан айтылды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.