Кездесу өтті
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттың құзыретіне белгіленген бірқатар өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Өткен аптада аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков және аудандық мәслихат депутаттары Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәурен Шалбаевпен кездесу өткізді.
Аталған бөлімнің басшысы мәслихат депутаттарын ауданда коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және елді мекендердің шекаралары шегінде газбен жабдықтау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар, сонымен қатар аудандағы белгіленген жобаларды іске асыру бойынша жоспарланған шаралар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында мәслихат төрағасы қазіргі таңда ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында, көркейту бағытында біраз жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы мен депутаттардың тарапынан аталған бөлімнің басшысына бюджеттік жобаларға сәйкес ағымдағы жылы аудан аумағында іске асырылып, атқарылатын жұмыс стардың, оның ішінде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі бойынша Саудакент, Жайылма және Маятас ауылдарындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, Әбілда ауылындағы сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және су тазарту ғимаратын орнату бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде айтылды.
Сонымен бірге, ауданды табиғи газбен қамту мәселесі, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жаңатас қаласы мен Әшір Бүркітбаев ауылының арасындағы аудандық маңызы бар 6-шақырым автокөлік жолының бойына, сонымен қатар шалғай елді мекендерге, оның ішінде Тоғызкент және Қамқалы ауылдық округтеріне қарасты автомобиль жолдарына тиісті жол белгілерін орнату, ауданда қоғамдық көліктің уақтылы жүруін және кестеге сай қызмет көрсетуін бақылауға алу, жылыту маусымына тиісті дайындық шараларын жүргізу, қала және елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару қызметін жүйелі түрде жүргізілуін қадағалап, аудан аумағында абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ иесіз иттерді ұстау және жою бойынша жұмыстарының тиісті деңгейде атқарылуы туралы ұсыныстар айтып, тиісті саладағы жобалар бойынша мердігерлердің тарапынан атқарылатын шаралардың сапасы мен кепілдеме мерзімін бақылауға алып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мерзімінде жүргізілуін қадағалау қажеттігін айтты.
Кездесуде бөлімнің басшысы көтерілген мәселелер, ұсыныстар бақылауға алынатынын және шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Аудандық мәслихат аппараты