Жаңа техника-жаңа бақыт
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын қолға алып келеді. Егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында шаруаларға қолайлы жағдай жасауда.
Игілік ауылдық округіне қарасты «Нұрхат» шаруашылығының төрағасы Нұрманов Бауыржан Кентайұлы лизингке Беларус 892.2 тракторын 16.8 млн. теңгеге сатып алды.
Шаруа қожалық төрағалары былай дейді.
-«Көктемнiң әр күнi жылға азық» екенiн диқан қауымы жақсы бiледi. Содан да болса керек, ерте көктемнен қам жасайтын, шаруалар жыл сайынғы әдетiне кiрiскенiмен, көбiне ауыл шаруашылығы техникаларының жетiмсiздiгiнен жiгерлерi құм болып жататыны бар. Алайда, дәл осы тұста мемлекет тарапынан арнайы қолдау барынан көбi бейхабар екенiн несiне жасырайық.Ауыл шаруашылығындағы басты проблемалардың бiрi әрi жұмысты жүргiзуге қолбайлау болатын жайт – егiн егу, оны жинау және маусымаралық жұмыстарға қажеттi техникалардың жетiспейтiндiгi. Былдырғы кемшіліктерді болдырмау үшін биыл шаруашылыққа техника алып жатырмыз,-деп өзгеде ауданымыздағы шаруаларға лизингке техника алуға шақырды.
Төрағаның айтуынша егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алған. Алдағы уақытта шаруашылықты дамыту мақсатында тағы да жаңа техника алу жоспарында бар екен.
С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»