АУДАН КӨШЕЛЕРІНДЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0

Ауа райының бүгінгі жағдайына байланысты аудан орталығында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз жүруіне жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда көшелерде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп, жол бойлары мен жаяу жүргіншілерге арналған аумақтар ретке келтірілуде.
Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жалғасуда. Жауапты мекемелер тарапынан арнайы техника мен жұмысшы күштері жұмылдырылып, жұмыстар кезең-кезеңімен ауданның басқа да көшелерін қамтитын болады.
Аудан тұрғындарынан жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауды және коммуналдық қызмет жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 6 ақпаны күні ауданда Төтенше жағдай жариялануына байланысты, қатты желдің салдарынан шатыры ұшқан көпқабатты тұрғынүйлер мен кәсіпкерлік нысандар қардан тазаланды. Бүгінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Қар тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды.

Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.