Думанды жаңа жыл

0

Мереке қарсаңында орталық алаңда «Думанды, жаңа жыл!» атты жаңа жылдық кеш өтті. Сахна жаңа жылдық нақыштармен безендіріліп, мереке сезіліп тұрды.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, барша сарысулықтарға амандық, дендеріне саулық тіледі. Мұнан соң ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Жыл үздігі» номинациясымен марапаттап, арнайы статуэткалар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды. Көңілді кеште Аяз ата, Ақшақар, жылан мен жылқы және басқа да ертегі кейіпкерлері ортаға шығып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен ұласып, Тараз қаласынан келген «Сарман» тобы әннен шашу шашса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері көрермендер арасында түрлі ойындарды ойнатып, думанды кештің көркін қыздырды. Жаңа жылдық шараның соңы отшашуға ұласып, тұрғындар тамаша көңіл күймен тарады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.