Ғажайыпқа толы кеш
Саудакент аулындағы Б. Қашқынбаев атындағы орта мектебі жанындағы интернат тәрбиеленушілерінің «Ғажайып толы Жаңа жыл» атты жаңа жылдық мерекелік кеші өтті.Аталған жаңа жылдық шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов ,аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Жұбаныш Жарықбасов қатысты. Аудан басшысы интернатта тәрбиеленуші бүлдіршіндерді Жана жыл мерекесімен құттықтады:
-Жаңа жыл – жаңа арманға жетелейтін, жаңа үміт сыйлайтын ерекше мереке. Осы мерекеде басқосуды бүкіл балалар жыл бойы асыға күтеді. Сіздер ұлтын сүйетін, Отанын қорғайтын, ата-ананы сыйлайтын, ұстаздарын қадірлейтін, достықты бағалайтын, білімді азаматқа лайық болуларыңыз керек. Шырша тойында өнер көрсетіп сыйлық алатын бүлдіршіндердің қуанышынан артық ештеңе жоқ. Балалардың бақытты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан үнемі қамқорлық көрсетіліп, барлық жағдай жасалып келеді,-деп бүлдіршіндерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, мақсаттарына жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Содай-ақ аудан әкімі баларға жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріп, мерекелік торт пен тәтті тоқаштар тарту етіп, қуанышқа бөледі.
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері қойылымдар көрсетіп, шырайлы шарадан ерекше әсер алған балғындар қуанышты көңіл — күймен тарасты.
Думанды кеш ән және бимен жалғасып, өнерпаздар өнерлерін көрсетсе, балалар тақпақ айтып, Аяз атадан сыйлықтар алды.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»