Жолдау-ел дамуының бағыт-бағдары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев игі дәстүрден жаңылмады. Елорда төрінде Парламент палата­лары­ның бірлескен отырысы өтті. Алқалы жиын­да Президент ел тұрғындарына ке­зекті Жолдауын жариялады. Биылғы сая­си маңызды басқосудың тақырыбы– «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қа­зақ­стан: Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу». Заман игілігін пайдалану жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сол себепті, Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ­стан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын аудан активі аудан әкімдігінің мәжіліс залында тікелей эфирден тыңдады.
Жолдауды тікелей эфирден тыңдаған аудандық, қалалық ардагерлер кеңе­сінің мүшелері, аудан әкімдігінің қыз­мет­керлері, аудандағы мекеме және кәсіпорын басшылары алдағы уа­қытта атқарылатын жұмыстар мен жетіс­тік­терден хабардар болды.
Жолдау аяқталғаннан кейін, аудан әкімі Сәкен Мамытов Мемлекет бас­шы­сының Жолдауында белгіленген мін­дет­терді аудан тұрғындары арасында тү­сін­діру, насихаттау және бірлесе жү­зеге асыру керектігін айтты.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.