Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын!

0

Қадірлі ұстаздар!
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке «Білім күнімен» жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. 1 қыркүйек-әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн.
«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя мектептеріміз жаңа оқу жылын бастайды. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндер үшін жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам.
Оқушылар, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар үшін бұл күн жаңа білім, жаңа табыс, жетістіктерге жету бастамасы. Ойдың өрістеп, шыңға шығуға білімнің алар орны ерекше.
Жаңа оқу маусымы білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеліп, алға қойылған міндет нақты іске айналатын кезең. Қияға қанат байлап, биік мақсаттарға ұмтылуда жастарға білім мен ғылым қажет. Елімізде білім саласын дамытуға мемлекет тарапынан баса назар аударылып келеді.
Ауданымыздың мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру, жаңа технологияларды ендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қымбатты ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, жаңа бастамаларда сәттілік, ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін игі қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Білімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын. Оқушылардың игіліктері үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдерін толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруға тілектеспін.
Оқушыларымызға білімнің шыңын бағын­дыруда сенімділік пен қажымас қайрат тілеймін. Еліміздің қарыштап дамуына үлкен үлес қосады деген сенімдемін. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін.

Шаттық Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.