Құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі

0

Құрылысшы мамандығының қадірі-асқақ, маңызы-терең. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуын оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады. Жылдар ғана емес-ау, ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан нысандар, ғимараттар бар. Солардың әрқайсысында құрылысшылардың қолтаңбасы қалған.

Ауданда жеке және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізіліп жатқан құрылыс көлемі біршама артып келеді. Салада бұған дейінде орасан зор шаруалар атқарылып, маңдай терін төгіп, абыройлы зейнет жасына шыққан ардагерлеріміз шүкір, көп.
Әр жылдың тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай аудан басшыларымен, үкіметтік емес ұйым басшы­лары бірлесіп, сала ардагерлеріне құрмет көр­сетілуде.
Экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері­нің ұштасатын жері құрылыс саласы екені белгілі, бұл бағытта облыс аумағында тек даму байқалады. Қазіргі уақытта облыс әкімі Е.Ш. Қарашөкеевтің ау­дандарда құрылыс жұмыстарын арттырумен тұрғын үй көлемін кеңейту бағытында түрлі бюд­жеттік қолдаулар көрсетіп отыр.
Өткен жылы 27821,7 млн. теңгенің құрылыс кө­лемі мен 20734 шаршы метр тұрғын үй көлемі орындалса, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдық қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі 13664,7 млн. теңгеге атқарылып, 101,3 пайыз болды және пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 7451 м² орындап 102,8 пайызды құрады. Жалпы құрылыс көлемінің талдауында 80 пайызы ірі және орта бизнес саласының үлесінде. Бұл бағытты аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан аумағында құрылыс жүргізіп жатқан барлық компаниялармен тоқсан сайын кеңес өткізіп, тиісті тапсырмалар беріп отыр.
Осы жылдың 6 айында салада 260 мемлекеттік қызмет көрсетілді (о.і. сәулеттік жоспарлау 106 қызмет, мекен-жайларын айқындау-128, эскиздік жобалармен келісу 25, ғимараттарды кәдеге жарамсыз деп тану-1 жоба).
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын реттеу тарапында 85 өтініш қабылданып, тиісті мә­селелермен заң аясында шешу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 55-жеке тұлғалардың өті­ніш­тері қаралды.
65 азаматқа Жер кодексіне сәйкес тұрғын үй салу үшін және қосалқы шаруашылық құрылыс­тарына арналған учаскелерге жер тандау акті­лері жасалып берілді (о.і. Жаңатас қаласы- 53, Ұ.Сыз­дықбайұлы — 4, Ақтоғай — 4, Өндіріс-2, Жаңаталап-2).
Сонымен қатар, салынатын құрылыстардың құжаттарын рәсімдеп беру жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда 10 ауылдың бас тоғандарының электр желілерінің құжаттары рәсімделіп, 90 құ­жат жер комиссиясының отырысында қарауға ұсынылды.
Бақша өсірумен айналысатын шаруалардың басты проблемалардың бірі болған канал сулары екені белгілі, түйткілді мәселені шешу мақсатында тапсырмасымен 10 каналдың құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Канал құрылыстарының жасалуы ҚР Су және ирригация министрлігінің еншісінде.
Сонымен қатар, барлық салаларда құрылыс жұмыстары бой көтеруде, онда: өндіріс саласы бойынша «ЕвроХим» МХК құрылысы, «Қазақ Сода» зауыты, цемент зауыты мен білім саласындағы 3 күрделі жөндеу жұмыстары, Саудакент пен Тоғыз­кент ауылдарындағы өрт сөндіру бекеттері мен ветеринария пункттері, биотермиялық шұңқырлар, көріктендіру жұмыстары мен су бұрқақтар орнату, жол салу жұмыстары.
Жұмыс бар жерде сын-ескертпелер де болып жататыны белгілі, биыл құрылыс саласында қызыл сызық нормасын бұзған 5 нысанға зерде­леу жасалып, тағы заң бұзған 2 азамат пәтер­лерінің ішін басқаша құрамдағаны үшін әкімші­лік жауапкершілікке тартылды.Техникалық жоба қоры­тындысын алмаған бір заңды тұлға басшысы­ның жауапкершілігі қаралды. Көпқабатты үйлерді жөндеген 2 құрылыс компанияларға шара қолдану үшін облыстық мамандандырылған экономикалық сотта ісі қаралды. 3 кәсіпкерлік нысан құжаттары тексерілуі үшін тиісті органда жолданды.
Тұрғындар назарына хабарлама ретінде әлеу­меттік желілер арқылы тиісті заңдылықтарды жария­лап келеміз, онда бұрын соңды ескірген, то­зығы жеткен құрылыс нысандарын есептен шы­ғару, техникалық қорытындысыз тұрғын үйлерді құрамдауға болмайтындығы, жобалық-сметалық құжаттар мен сараптамасыз және рұқсат талонсыз кәсіпкерлік және кәсіпорын мен мемлекеттік ғимараттар соғуға болмайтындығы, сондай-ақ же­ке тұрғын үй аумағында кәсіпкерлік қызмет көр­сетуге рұқсат жоқтығы туралы хабарланып тұрады.
Сонымен қатар, «Жаңатас қаласындағы №2 мөл­тек ауданы №32 көпқабатты 90 пәтерлі үй. (жер аумағы 0,4 га).
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылы мемлекеттік сатып алудың «ГрадСтройСервис» ЖШС-гі жеңімпаз болған (Шымкентте тіркелген). Жеңімпаз — 629 387 996,61 теңгеге ұтып алған.
Құрылыс жұмыстарын бастар кезде мердігер­ден жобаны әзірлеген «АлмазПроектСтрой» ЖШС-та­ра­пынан жобада қателіктер кеткендіктен ұсынған. Қайта қалпына келтіретін жұмыстардың көбісі жобаға енбей қалған (бес подъездің баспал­дақтары ауыстырылып, бесінші қабаттың төбесін қайта алып, 1400 шаршы метр монолит плитасын қайта құйған) жасаған жұмыстары ауқымды). Ал­дыңғы жобамен құрылысты бастау мүмкін бол­мағандықтан жобалық-сметалық құжаттары қай­та­дан түзетуге жіберілген.
Жобаға түзетулер жасалып, 27 маусым 2024 жылы №ЕО-0008/24 сараптамасы қайта жасалды. Онда құны 821 059 000 теңге болды.
Құрылыс қайта түзетілген жобалық сметалық құжаттамамен жасалып жатыр.
Құрылыс сапасы жақсы. Қазір 90 пайыз жұмыс аяқталды.
Алдыңғы жоба құны мен кейінгі жобаның айырмасы-115 949 109 теңге.
Осы қаражаттың облыстық бюджеттен бөлінуін сұрап, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс бас­қар­масына бюджеттік өтінім берілген.
Сонымен қатар, қала және ауылдық округтердің кескінінде индикаторлық көрсеткіштер бойынша төмендегіше ақпарат беремін.
Ағымдағы жылдың жарты жылдық қорытын­дысымен құрылыс жұмыстарының көлемі 13664,7 млн. теңгеге атқарылып, 100,8 пайыз болды және пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 7451 м² орындап 102,8 пайызды құрады.

Ж.Сақыпбеков,
аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.