Жұмысшы мамандықтар жылы: Жамбыл облысында бизнестің сұранысына сай мамандар дайындалуда

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді.

– Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы маман­дықтар жылы экономика үшін сұранысқа ие кадр­ларды даяр­лаудың нақты мүмкіндігі. Біз іс-шаралар жоспарын бекіттік, штаб құрдық, ең бастысы, бұл процесті инвес­тициялық жобаларымызбен байланыстырдық, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековтың айтуынша, 2025-2026 жылдары «1С» сертификаттау орта­лығын құру, 220 орындық жатақхана салу, алты салалық хаб ашу, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, сондай-ақ шетелдік инвес­торларды тарта отырып, жаңа мамандық ашу жоспарлануда.

Өңірде кәсіпорындар, колледждер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы 98 меморан­думға қол қойылды. Нәтижесінде 3 607 студент дуалдық оқыту жүйесімен қамтылды.

Еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақ­­сатында жұмыс берушілердің бастамасы бойынша жұмыс­шы мамандықтары негізінде оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде 570 мақсатты орын бөлінді.

№9 Меркі колледжіне «Мерагро Холдинг» ЖШС «То­карь­лық іс» кабинетінің құрылысына 4 млн. 506 мың теңге инвестиция тартты.

«QyzylshaZher» ЖШС қолдауының арқасында №10 Шу колледжінің базасында «Агрономия» мамандығы бойынша құзыреттер орталығы ашылды.

«Казфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау-кен өндірістік комбинаты базасында әлеуметтік серіктестікті дамыту жөніндегі жасалған меморандум аясында «Химиялық және техникалық саласы бойынша» құзыреттілік орталығы құрылды.

№8 Мойынқұм колледжінде «Дәнекерлеу ісі», «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша оқу шеберханасы салынуда.

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде агро-хаб ашуға 10 млн. 227 мың теңге бөлінді.

Жаңатас көпсалалы колледжінде AutoSkills кешенінің құрылысы жүргізілуде.

№9 Меркі колледжінде IT-хаб ашу жоспарлануда.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «KNAUF» ЖШС-мен әлеуметтік әріптестік негізінде инвестиция көлемі 25 млн. теңге болатын оқу орталығын ашу жоспарлануда.

№9 Меркі колледжінде 100 орындық жатақхана салу жоспарлануда, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Кеңес барысында кәсіпкерлік және индустриялық-инно­вациялық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармаларының басшылары, сон­дай-ақ Тараз және аудан әкімдері сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысы бойынша өңір басшысы инвес­торлар және ірі кәсіпорындармен 2025 жылы еңбек нары­­ғында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған 4 мыңға жуық студентті жұмысқа орналас­тыруды қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ жыл соңына дейін облыстың жетекші кәсіп­орын­дарына 100 үздік түлекті жұмысқа орналастыруды қамта­масыз ету, өзекті бос жұмыс орындарын ұсына отырып, Ашық есік күндерін өткізуді ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­тарын жандандыру міндеті қойылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.