Әр нөмірді жібермей оқитын қаламгер
Жаңалықтардың жаршысы — аудандық «Sarysý» газетінің әр беті ашыла түсіп, алуан түрлі ақпараттар мен маңызды кеңестер жүйелі түрде жарияланып келеді. Оқырмандар тарапынан да ыстық ықыласын алып, жоғары бағаға қол жеткізген басылымның өңір жұртшылығы үшін маңызы зор.
Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, бірнеше кітаптардың авторы, ауданымыздың Құрметті азаматы- Пернебай Дүйсенбин осы орайда газетке деген ізгі тілегін жеткізіп, барша тұрғындарды газетке жазылуға шақырады: — Аудандық төл басылымның, — деді қаламгер: — ауданымыздың әр тұрғыны үшін маңызы зор. Аптасына екі рет шығатын газетте мәліметтер лезде ұсынылып, халыққа уақытылы таралады. Ақпараттар толық сараланып, зерттеліп, аса жауапкершілікпен шығады. Бүгінде басылымның әр беті түрленіп, жаңаша күйге еніп жатыр. Қызықты әңгімелер, балаларға арналған базарлықтармен қатар, ой салар мәселелер тұрақты түрде жарияланып келеді. Сондықтан мен сүйікті газетімнің әр нөмірін қалт жібермей оқимын. Жартыжылдыққа жазылу науқаны кезінде барша тұрғындарды газетімізге жазылуға шақырамын. Газеттің бағасы да қолжетімді. Қымбатшылық жайлаған заманда газеттің бағасы шарықтамады. Оқырмандар үшін бұл дұрыс қадам деп ойлаймын, — деді.
Ендеше, ауданымыздың құрметті қариясы жоғары баға берген газеттің шын жанашыры болайық, құрметті оқырман!
Тағы бір айта кететін жайт, «Sarysý» газетіне 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жазылым шілде айында да жалғасады. Егер осы күнге дейін үлгермесеңіз, әлі де газетке жазылуға мүмкіндік бар. Өздеріңіздің сүйікті газеттеріңіз «Sarysý» төріңізде тұрсын десеңіз, аудан жаңалықтарынан шет қалғыңыз келмесе аудан газетіне жазылуды естен шығармаңыз.