КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары, тиісті сала басшылары, қала, ауылдық округі әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ.Нарбеков және аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Д.Шалбаев баяндама жасады. Сондай-ақ күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Г.Кабулова «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бекітілген 1.1 тармағы, 5 тармақшасы «Білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларына парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптарын енгізу туралы»  жан-жақты тоқталып өтті.

Сонымен қатар аудандық ПҚБ инс-пекторы Ә.Орақов пен аудандық мансап орталығының директоры Д.Омар «Жергілікті атқарушы органдар тарапынан пробация қызметі қолданылатын азаматтарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша ұйымдастырылған жұмыстар туралы»  атқарылған жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиын соңында аудан әкімі С.Мамытов аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейтіп, өсім алып отырған қылмыстарға аса көңіл бөліп, оларды саралау арқылы нақты әрі заңнамаға сәйкес шешімдер қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ қала, ауылдық округ әкімдері мен жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сәулет есқараев,

 «Sarysý»

АУДАН ӘКІМІ СУ ҚОЙМАЛАРын тексерді

Аудан әкімі Сәкен Мамытов Талас өзені арқылы келетін суды және Ынталы, Бүркітті су қоймаларының су жиналу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында аудан басшысы су қоймаларында судың жиналу барысы талқыланып, жауапты басшылыққа тиісті тапсырмалар жүктеді.

Алдағы уақытта жоспарлар құрылып, зерделеу барысындағы мәселелер қолға алынбақ.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.