ҮКІМЕТКЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Президент елдің экономикалық, әлеуметтік, инвестициялық және энергетикалық даму бағыттарын талқылап, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Экономиканы әртараптандыру және инвестициялар тарту. Үкіметке елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және артық бюрократияны жою тапсырылды. Инфрақұрылымды дамыту және энергетика саласы: Энергия тапшылығын шешу және көміртегі бейтараптығы жолында заманауи технологияларды енгізу қажеттігі айтылды. Әуе, темір жол саласын жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Агроөнеркәсіп кешені және ауылды дамыту: Ауылдардағы тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жаңа шешімдер қажет екені ерекше атап өтілді. Цифрландыру және инновация: Мемлекеттік қызметтер мен салаларды толық цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу міндеті қойылды.

Әлеуметтік саясат: «Жайлы мектеп», МӘМС реформасы және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған бастамалар талқыланды. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған маңызды шешімдер талқыланып, ең басты мақсат халықтың әл-ауқатын көтеру екенін тағы бір рет еске салды.

А.Бердібаев,

 аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.