ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА МІНДЕТТЕЙДІ

0

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ана тілі» газеті тілшісіне берген сұхбаты арқылы елімізде 2024 жылы атқарылған маңызды істерге тоқталып, алдағы жылы қандай істерге жете мән беру туралы

 ой қозғады. Су мамандарын дайындау, су ресурстарын тиімді пайдалану мемлекет үшін маңызды екенін тағы да атап өтті. Естеріңізде болса былтырғы жылы Президенттің тапсырмасымен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылған болатын. 

Бұл мемлекет басшысының су мамандарының мәртебесін жоғарылату бойынша жасаған батыл, әрі тиімді қадамдарының арқасы.

Бұл елімізде су саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге, саланы дамытуға үлкен серпіліс беретіні сөзсіз. Қазіргі кезде елімізде жаңадан 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау жұмыстары басталып кетті. Әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту, су үнемдеу технологияларын қамту арқылы су үнемдеу жұмыстары қолға алынды.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің су ресурстарын қорғайтын бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе көбейіп, жалпы штат саны 242 адамға жетіп, республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдері ашылуда.

Бүгінгі таңда еліміздің су саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді екен. Сала мамандарының еңбекақылары орта есеппен 25%-ға көтерілді. Сұхбатта Президент Парламентте жаңа Су кодексінің жобасы қаралып жатқандығын, су ресурстарын басқару тұжырымдамасы және оның кешенді жоспары бекітіліп, онда 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу қарастырылғанын баяндады. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделгенін айтты. Бұл бізге су мамандарын сапалы дайындауға жауапкершілікпен қарауға міндеттейді. 

А.ҚОЯНТАЕВ, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы

болашақтың кілті-жастар қолында

2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көрді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын берді.

Сондай-ақ, елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.

Әр азаматтың, әсіресе жастардың, ел дамуына белсенді қатысуы маңызды. Болашақ жастардың білім алып, еңбек етуі арқылы қалыптасады. Олар заманауи технологияларды игеріп, жаңа идеялар мен тиімді шешімдер ұсыну арқылы экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуға үлес қосуы тиіс.

Жеке жетістікке жету жеткіліксіз, әр жас өз күш-жігерімен қоғам мен мемлекеттің өркендеуіне ықпал ету керек. Бұл баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Бұл сұхбатта Президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды оқиғаларға жан-жақты баға беріп, биылғы жылдың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму қорытындыларын қамтыған.

Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидасы, Қаңтар оқиғасы, Атом энергетикасы, бірыңғай уақыт белдеуі,  «Таза Қазақстан» акциясы секілді өзекті тақырыптар қозғалған.

Мемлекет басшысы сұхбатында:

— Мен түрлі жиындарда жастарымыз туралы жиі айтамын. Өйткені олардың болашағын ойлап, шын жүректен тілеулестік білдіремін. Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні — деді.

Шынында, жастар Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп» қызмет ету керек.

М.Прімбек, аудандық «Жастар Ресурстық орталығының»  директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.