ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова өткен жұма күні ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді.
Мәжіліс депутатын аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова күтіп алып, аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныстырды.
Іссапар барысында алдымен Жаңатас қаласында 2-шағын ауданы, №32 (90 пәтерлі) үйдің құрылысымен танысты.
Құрылыс алаңында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Сақыпбеков ауданда құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.
-Сарысу ауданында 2024 жылдың қорытындысы бойынша 20734 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 104% -ға және құрылыс көлемі 27 921,1 млн. теңгені құрап 100,3%-ға орындалды. Жаңатас қаласында 2-шағынауданы, №32 (90 пәтерлі) үйді қайта қалпына келтіру мақсатында «ГрадСтройСервис» ЖШС–мен Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 24 мамыр 2023 жылы келісімшарт жасалған. Жалпы сомасы-629,3 млн. теңге. (Қаржы облыстық бюджеттен бөлінді). Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары 80% жүргізіліп, қалған 20% құрылыс монтаж жұмыстары 2025 жылдың І-тоқсанында аяқталатын болады. Техникалық қадағалаушы «ТаразТехноПроект» ЖШС мен авторлық қадағалаушы «АлмасСтройПроект» ЖШС. Сонымен қатар, Сарысу ауданы, Арыстанды ауылында 90 орынды ауылдық клуб үйі тозығы жеткен, (1957 жылғы ескі ғимарат, жарамсыздығы туралы қорытынды алынған) жобалық сметалық құжаты дайын, 24.11.2023 жылы сараптамадан өткен. Құны- 228,4 млн. теңге. Ауылда этнос ұлт өкілдері шоғырланған, оның ішінде күрді ұлты да бар. Халық саны 395 адамды құрайды,-деді.
Құрылыс барысын көрген мәжіліс депутаты мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде және бюджет қаражаты есебінен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Сондай-ақ жұмыстарды сапалы жүргізуді ескертті.
Сапар одан әрмен аудандық білім бөлімінде жалғасын тапты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов аудандық білім бөлімінде атқарылып жатқан және алдағы атқарылатын жұмыстарды кеңінен түсіндіріп өтті.
Жалпы ауданда 27 мектепте 8997 оқушы білім алады. Өткен жылы Жайылма ауылдық округіне қарасты Маятас ауылында жаңа Маятас атындағы орта мектебінің құрылысы бітіп, пайдаланылуға берілді. Одан кейін Абай және Ж.Отарбаев атындағы орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ Жаңаталап орта мектебіне спорт зал салынды. Бүгінде аудандағы білім нысандары толық материалдық базамен қамтылған. Кездесуде білім саласының қызмет-керлерін аттестациялау, тестілеу тақырыбында өз ұсыныстарын айтты. Мәжіліс депутаты бұл мәселе бойынша бұған дейін депутаттық сауал жасағанын айтып, ұстаздар ұсынысын жазып алды.
— Елімізде мектепке дейін және орта білімді дамыту реформалары жыл сайын жаңа қырынан көріне бастады. Бұл қуанарлық жайт. Қай дәуірде де көзі ашық ұлт жаңашылдыққа талпынумен келеді. Білім беру мазмұнын жаңарту – ата-аналар мен педагогикалық қауымдастықтан жоғары деңгейдегі ұйымдастыруды, жауапкершілікті, ұтқырлықты, тұтастықты, өзара қолдау мен түсіністікті талап ететін зор міндет,-деп сапалы білім берудің маңыздылығына тоқталып, білімді жастарды тәрбиелеудегі міндеттемелер туралы айтты.
Мәжіліс депутаты аудандық орталық ауруханасына атбасын бұрып, ақ халатты абзал жандармен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Жиында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова өткен жылы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
-Аудан бойынша барлығы 26 медициналық ұйым бар. Кадр қажеттілігі бойынша, ауданда 77 дәрігер, олардың ішінде 9 жас дәрігер, 4 зейнеткер дәрігер жұмыс жасауда және орта буынды 347 медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде денсаулық сақтау үздіктері — 2, қосымша тартылған дәрігерлер саны — 12. Ауданда денсаулық сақтау саласында оң көрсеткіштер қалыптасқан. Өткен жылы орталық ауруханасының бөлімшелері орналасқан екі ғимаратқа жедел сатылар (лифт) орнатылды, қазіргі таңда толық іске қосылып, жұмыс жасауда. Сұранысқа сәйкес, ағымдағы жылға жаңа 5 автокөлік 4- Lada NIVA 1- Lada GRANTA алынды. Орталық ауруханасынан тұрғындардың, балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында, жаңа реабиллитациялық бөлімше ашылды. Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге, алдын алуға, тазартуға тұз шақтасы (галотерапия) ашылды, әр түрлі тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдейтін құрал-жабдықтар мен толық жабдықталған. Құрылғылармен жабдықталу пайыздық көрсеткіш 98 % құрайды. Шалғайда орналасқан Жайлаукөл ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясы ғимараты соғылып, 2024 жылы пайдалануға берілді. Жыл басынан сұранысқа сәйкес, орталық ауруханасына КТ (компьютерная томография) құрылғысы беріліп, іске қосылды,-деді бас дәрігер. Жиында мәжіліс депутаты медицина қызметкерлерімен бүгінгі саладағы өзекті мәселелерді тыңдап, пікір алмасты.
Басқосуда кадр тапшылығы сөз болды. Моноқалаларға қаржы бөлінбейтінін айтып, заңды тұрғыда өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс білдірді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы, бас-ты мақсат — халықтың денсаулығын жақсарту керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілетінін жеткізіп, МӘМС жүйесіндегі мәселелерге тоқталды.
С.есқараев,
«Sarysý»