МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢА АВТОКӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Денсаулық сақтау саласын дамыту-мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда елімізде жүйелі реформалар жүзеге асырылып келеді.
Әсіресе, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға жіті көңіл бөлінуде. Оның жарқын мысалын Сарысу ауданынан да көптеп кездестіруге болады. Жаңа жыл тоғысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен Сарысу аудандық орталық ауруханасына 2 су жаңа медициналық автокөліктің берілуі-осы сөзіміздің бір дәлелі.
Айта кету керек, жаңа автокөліктер Сау-дакент ауылдық емханасы мен Жайылма дәрігерлік амбулаториясына табысталды.
Жалпы Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы аясында өңірдегі алғашқы меди-циналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 санитарлық автокөлік берілген болатын. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, саланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін айтты.
Санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу аудандық, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық медициналық орталықтарға тапсырылды.
Облыста бекітілген нормативке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамта-масыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық ұйымдардың теңге-рімінде 235 бірлік санитарлық автокөлік бар болса, оның 112-сі 100% тозған. Осы мәселені ескере отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті шаралар атқарылуда. Бұл тұрғыда жаңа автокөліктер қызмет көрсету сапасының артуына тың серпін береді деген сенімдеміз.
«Sarysý-Aqparat»