Газет оқимын

0

Алаш ардагері, ұлт көсемі ахмет байтұрсынов: «газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі»,-деген болатын. Баспасөзді жүргізіп отырған тілшілер біздің алтын қазынамыз тілімізді байы-тып, құнарландырып, сақтап отырған тұлғалар. Сондықтан таза қазақ тілінде жазылған жазылымдарды тұшынып оқығың келсе, газет тілшілері жазған мақалаларын оқы дегім келеді.

Баспасөз жастарды Отанды сүюге, елін, жерін құрметтеуге баулиды. Үкімет тарапынан қандай қамқорлық, бюджеттік ұйымдарға қандай көмек, жеңілдіктер берілуде, аудан халқының тыныс-тіршілігі, тағысын тағы тартымды материалдарды осы баспасөз бетінен кезіктіруге болады. Аудан және ауылдық округ әкімдерінің және халық қалаулыларының қандай игілікті іс жасап, мектептерде қандай жаңалықтар болып жатқанын газет бетінен оқи аласыздар. Мәдени жаңалықтардан өнерлі өрендер жайлы, ауданның бетке ұстар Құрметті азаматтары туралы мақалалар жарық көріп тұрады.  Аптасына екі рет «Sarysý» газетінде мағыналы, мәнді дүниелер жарияланады. Ұлағатты ұстаздарымыз тәжірибелерімен бөліседі. Дәрігерлер қандай аурулардан сақтану керектігі жөнінде және әр саланың мамандары да ақыл-кеңестерін береді.

Ал, енді олар бұл мақалаларды үлкен ізденіспен, көз майын тауысып жазады. Сен аудандық газетті оқығанда, жақын арада болған өзгерістерден хабардар болып отырасың. Ал енді облыстық «Ақ жол» газетін оқығанда облыс көлемінде болған өзгерістер мен жаңалықтарды оқисың. Сондықтан да өзің отырған аудан мен облыс жаңалығынан хабардар болғың келсе екі газетке де жазыл дер едім. Газетті оқи отырып, ерінбеген адамға жұмыс көп екенін білесің.

Мысалы, бір әйел өзінің 6 соттық жерінен құлпынай егіп, бір жазда 1млн. теңге табамын дейді. Ол еккен құлпынайын базарға апарып жатпайды екен, жан-жағындағы көршілер мен мектеп оқушылары өздері келіп алып кетеді екен. Сол сияқты Сарысу және Жамбыл аудандарындағы екі домбырашының табысы ше екеуі де айына мол табысқа кенеліп отыр. Тағы да сол сияқты түрлі қолжетімді кәсіппен айналысып жатқандар көп екен. Сондықтан солардың барлығын оқып, білгің келсе, газет оқыңыз дегім келеді. Газеттің оқырманға уақытылы жетуі үшін пошта қызметкерлері жаяу емес арнайы көлікпен қамтамасыздандырылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Құрметті оқырман!  Газетіміз аудандағы жалғыз басылым. Айшықты жаңалықтарды халыққа жеткізуде үздіксіз жұмыс істеп келеді. Аудан айнасы болған басылымды біз қолдамасақ, кім қолдайды? Әрбір аудан тұрғындарының, мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің қолдауы ауадай қажет. Бүгінде ауданның айнасына айналған төлбасылымға жазылуды ұмытпаңыз, ағайын!

О.Қоңырбеков,

тыл және еңбек ардагері

Leave A Reply

Your email address will not be published.