МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫЅҢ (IJF) ПРЕЗИДЕНТІ МАРИУС ВИЗЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласында-ғы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.
IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәти-желеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.
2024 жылғы 21 қараша
Мажарстан, Будапешт қаласы