САРЫСУҒА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ КЕЛЕДІ

0

Қараша айының 16 – 18 күндері аралығында еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы

 іске асырылуда. Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.

Облысымыздың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға хирург, педиатр, психолог, неврапотолог, ультрадыбыстық диагностика, МРТ және КТ, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, жүрек, тіс, көз, құлақ, тамақ және мұрын дәрігері, онколог-мамолог, гинeколог және уролог сынды білікті дәрігерлер және көмекші мамандар қызмет көрсетеді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 16 қараша сағат 23:40-та Жаңатас қаласының темір жол бекетіне келіп, 18 қараша сағат 20:20-де келесі ауданға кететін болады.
Балалар ата-анасының сүйемелдеуімен келіп, туу туралы куәлікті және басқа науқастар жеке куәлікті өздерімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ, пойыз құрамындағы медиатор және заңгер мамандар өз қызметтерін көрсететін болады.

Имандылық-

тәрбиенің тұнығы

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, жастарға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойларына сіңіру мақсатында «Имандылық – тәрбиенің тұнығы» атты тақырыптық кеш өтті.

Байқадам ауылдық округі әкімінің орынбасары Құлыбеков Жамбыл Қайратұлы сөз алып, адамгершілік, имандылық, отбасы, бала тәрбиесіне кеңінен тоқталып, ата-дәстүрімізді жаңғыртар иманды, еліне адал қызмет жасайтын ұрпағымыз көбейсе, имандылық ең басты адамның адам болмысын білдіретін үлкен құндылыққа айналары сөзсіз деп, жастарды имандылыққа шақырды. Нұрлан Мәукеннің «Иманың тұр төгіліп», Алма Түсіпбекованың «Жаратқанға тілек» атты өлеңдерін Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің оқушылары  Мейрамбекова Раяна мен Көшкінбай Аяулым  оқыды. Іс-шарада  жастарға  әдеп қағидаларын сақтауды ұғындырып, өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге бағыт беретін ислам діні туралы пікірсайыс жүргізіліп, ислам мәдениеті мен діни ұстаным кеңінен әңгімеленді.

«Sarysý-Aqparat»

Leave A Reply

Your email address will not be published.