Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
- Порталда авторизацияданөтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жарамды).
- 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- баланың тууын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты;
- баланың денсаулығы туралы анықтама;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін).б
Ескерту: Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдайлар енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы аумақта тұратын көрсетілетін қызметті алушылар шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайлар қолданысының тоқтатылуына қарай осы тармақтың бірінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында және екінші абзацының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.
К.Аманкулов, Сарысу аудандық ХҚК бөлім басшысы