АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын.

Бұл акция тек тазалықты насихаттап қана қоймай, елдің басын біріктіретін рухани маңызы зор шара болды. Бұл ауқымды экологиялық науқан Сарысу ауданында  да белсенділікпен  өткізіліп келе жатыр.

Акция аясында  этнос өкілдері көп шоғырланған Арыстанды ауылында ауыл тұрғындарының қатысумен сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына аудан орталығы Жаңатас қаласынан  этно-мәдени орталықтардың өкілдері барып қатысты.  Сенбілік барысында ауыл көшелері, арық-атыздарға тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыстар шығарылды.

Атап айтар болсақ, Арыстанды ауылында негізінен күрді ұлтының өкілдері тұрады.

Жалпы, облыстағы этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекеннің бірі осы Арыс-танды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 256 күрді ұлтының өкілдері тұрып, мамыражай тірлік кешіп жатыр.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы тазалық жұмыстарына белсене қатысып келеді.   Акцияға ауылдағы  үлкендер де, жастар да белсене атсалысуда.

С. Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.