ҚАМҚАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР
Төлеутай Мақсат Төлеутайұлының сайлауалды бағдарламасы
Ауылда адам бар болса-ауыл ада болмайды,
Ел иесі бар болса-елі ала болмайды.
Бұқар жырау
Құрметті Қамқалы ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Төлеутай Мақсат Төлеутайұлы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келдім. Бала кезден ата-анам мені адалдыққа, еңбексүйгіштікке, туған жерді қадірлеп, сүюге үйретті.
Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң ауылыма келіп, қызмет етіп, ауылдың дамуына үлес қосуға бел будым. Ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, әр түрлі салада біліктілігімді арттырып, тәжірибе жинақтадым. Осы жинаған тәжірибемді Қамқалы ауылдық округін көркейтуге жұмсағым келеді.
Еңбек жолымды Сарысу аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық мекемесінде құрылыс шебері болудан бастадым.
Мемлекеттік қызмет саласында 2001 жылы Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып бастап, ауылдық округ әкімінің орынбасары кейін аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқардым.
2020 жылдың маусым айынан осы Қамқалы ауылдық округінің әкімі болып төрт жыл еңбек еттім.
Мен жергілікті округтің қазіргі проблемаларымен жақсы таныспын, барлық күш-жігерім мен ресурстарымды жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және абаттандыру үшін жұмсағым келеді. Сол үшін де сіздердің қолдауларыңыз қажет!
Мені ауыл әкімі етіп сайласаңыздар,
алдағы 4 жылда:
— Қамқалы ауылдық округіне қарасты ауылішілік көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін боламын;
— Қамқалы ауылына ұялы байланыс желісін тартуға ықпал ететін боламын;
— Ауылдардың арасын жалғайтын облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ететін боламын;
— Ауылдық округтегі Шу өзеніне судың келуі бойынша жұмыс жүргізу;
— «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген пайызбен берілетін несиеге қол жеткізуге ықпал етемін.
Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан мен қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.
— Шығанақ ауылындағы Үлкен Қамқалы көліне жағажай демалыс орнын салуға;
-Қамқалы ауылдық округіне қарасты елді-мекендерді абаттандыруға және ауылдың көркеюіне, жергілікті жерде шағын кәсіпкерліктің дамуына;
Күшімді саламын.
— Инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты жандандыруға;
Үлесімді қосамын.
Қымбатты ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің даусыңыз өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты және бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз!
Берекелі ауыл – табысты мемлекет!
Сайлауға келіңіздер!
Мен үшін дауыс беріңіздер!