АЛАЯҚТАН АБАЙ БОЛ

0

Технологиялардың дамып, интернет ресурстардың кеңейіп жатқан уақытта алаяқтықтың түрлі кезеңдері пайда болуда.

Олармен күрес тоқтамайды. Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда интернет-алаяқтық фактілердің тіркелуі төмен-демей жатыр. Оған себеп, азаматтарымыздың «Ақшаңызды көбейтеміз» деген түрлі күмәнді жобаларға қатысуы. Ақшаларын, алтын бұйымдарын, тіпті жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерін салып, зардап шегуде. Интернет желісіндегі онлайн-сатып алу кезінде сақтық  шараларды елемеуде.

Құрметті аудан тұрғындары!

Алаяқтар осы салада түрлі айла-тәсілдерді қолдануда. Соның ішінде: Алаяқтар облыс тұрғындарына банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде қоңырау шалып, оның есеп шотыңда күдікті операциялар жүріп жатқанын мәлімдеп, ұялы телефонына қашықтан басқару «ЭНИДЕСК», «РУСТДЕКС» және жаңадан шыққан «КЕНГУРУ», «ПОДДЕРЖКА» бағдарламасын орната отырып, екінші деңгейлі банкттерден несиелер рәсімдеп, қаражатын арнайы дайындалған банктік шоттарға аудартуда. Басқа жағдайда, сеніміңізге кіріп, сіздің дербес деректеріңізді алып, сыртыңыздан мобильді банкинг жүйесіне қосылу арқылы шотыңыздағы ақшаны иемденеді. Алаяқтық туралы әрекеттерден халықты сақтандыру мақсатында «sarysu_police» әлеуметтік парақшаларында пайдалы ақпараттар тұрақты түрде жарияланып келеді.

Осы ресурстарда интернет-алаяқтықтың тәсілдері мен алаяқтардан сақтану шаралары туралы түрлі материалдар әрдайым жариялануда. Осындай профилактикалық мәтіндегі материалдармен танысып, оларды өздеріңіздің жақындарыңыз бен таныстарыңыздың арасында кеңінен таратуға атсалысыңыздар. Сақтық шараларды ұстансаңыз, алаяқтардың айласына түспей, жеке мүлкіңізді және жанұяңыздың тыныштығын қамтамасыз етесіз.

Сондықтан алаяқтардың түрлі әрекетіне алданып қалмай кез-келген іске мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Б.Айтжанов, 

Сарысу АПБ-нің бастығы,  полиция подполковнигі

Leave A Reply

Your email address will not be published.