ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

0

Сарысу ауданы көлемінде қоғамдық  орындарды абаттандыру және сыртқы  безендіру жұмыстары бойынша  көктемгі екі айлық өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, аудан көлемінде абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудан көлемінде абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі көктемгі екі айлық жұмыстары 2024 жылдың 2 наурызы мен 18 мамыры аралығында ұйымдастырылсын.
  2. Қоса беріліп отырған көктемгі екі айлық жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын қадағалау жөніндегі аудандық штаб құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Аудандық штабқа қажетті бөлім мен кәсіпорын басшыларының келісімдері бойынша қатыстырып отыру тапсырылсын.
  4. Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдеріне:

1) көктемгі екі айлық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың іс-шараларын дайындап және бекітіп, оның көшірмесін аудандық штабқа тапсыру;

2) абаттандыру, көгалдандыру, тазарту жұмыстарымен бірге, көшелердің жарықтандырылуын, сәулет нысандарын ретке келтіру, спорт алаңдары мен монументтерді жөндеу;

3) өз аумақтарында көктемгі екі айлық жұмыстары бойынша қоғамдық ұйым өкілдерін қатыстыра отырып, комиссия құру міндеттелсін.

  1. Жаңатас қаласы мен ауылдық округ аумақтарында орналасқан заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік нысан басшыларына өз ғимараттарының сыртқы келбетін, қоршауын жөндеуден өткізіп, белгіленген орындарда аулаларына тиісті дәрежеде тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің орынбасары Серимов Қайрат Маратұлына жүктелсін.

С.Мамытов, аудан әкімі

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

«Сарысу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2 шешімі және «Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» жетінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39-2 шешімімен әр түрлі жағдайларға байланысты шығып қалған бос орындарға төмендегі құрамда аудандық аумақтық сайлау және округтік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

ТАӘ Сайлау нөмірі Партиялылығы, қоғамдық бірлестік мүшелігі
Утеева Ауес

Нурашовна

АСК «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы
Әлімхас Дулат Ханатұлы №3 сайлау округтік комиссия «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы
Киргизбаев Абзал Сахарапович №3 сайлау округтік комиссия «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы
Сейдалиев Зангар Жузбекович №5 сайлау округтік комиссия «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы Сарысу аудандық филиалы
Балыкбаев Багдат Саурович №8 сайлау округтік комиссия «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы

1 наурыз-Дїниежїзілік Азаматтыќ ќорєаныс кїні

Адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кездеседі, сол себепті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқылы.

Осыны түйіндей келе халықаралық қауымдастық, болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекетаралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты.

Соның нәтижесінде 1972 жылдың наурыз айында Азаматтық қорғаныстың Халықаралық Ұйымы құрылып, Қазақстан Республикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде Азаматтық қорғаныстың халықаралық Ұйымының қатарына қосылды. Содан бері, жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні болып аталып өтіледі.

Біздің мемлекетіміз өзінің азаматтарының өмірін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын жүргізіп келеді.

Қазіргі кезде елімізде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі қалыптасқан.

Бүгінде «Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс» атты ұранға сәйкес, Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілуде.

Сарысу ауданының Төтенше

жағдайлар бөлімі

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы  Су ресурс-тары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы бұйрығымен бекітілген 2023 жылғы 13 қарашадағы №94-НҚ қаулысы бойынша Су ресурстар және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК «Суды арналар арқылы беру» қызметіне 2024-2028 жылдарға арналған тарифтың шекті деңгейі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтыншуылары алдында қолданысқа енгізіледі.

Тұтынушылар тобы Өлшем бірлігі 2024 ж 2025 ж 2026ж 2027 ж 2028 ж
Орташа босату тарифі 1 текше метр үшін ҚҚС-сыз (НДС) оның ішінде: теңге/м3 3,655 5,109 5,170 4,972 5,138
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші
Механикаландырылған сумен жабдықтау теңге/м3 36,339 50,791 51,403 49,426 51,086
Арналар арқылы су беру теңге/м3 0,956 1,336 1,352 1,300 1,344
Су арналары, бюджеттік ұйымдар
Механикаландырылған сумен жабдықтау теңге/м3 28,503 39,839 40,319 38,768 40,070
Арналар арқылы су беру теңге/м3 1,071 1,496 1,514 1,456 1,505

Қоғам болып күресейік

Соңғы уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың «тамырын» шабуға бағытталған жұмыстар молынан атқарылып жатыр.

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершіліктерін арттыру шаралары қолданылуда. Бірақ, қоғам  мен мемлекеттің  мүмкіндіктерін  біріктіретін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ескертетін жаңа тұжырымдық үлгіні дайындауда талдаулық, ұйымдастырушылық және насихаттау жұмыстарын қолға алу қажет. Сыбайлас жемқорлық-лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы үшін билік құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин. Бұл термин бюрократттық аппаратқа және саяси элитаға  қатысты жиі қолданылады.

Қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,осы дерттің  одан әрі  ұшықпауы үшін оны тоқтатудың  барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбыласқа тиімді  түрде қарсы тұруға  болады. Кезкелген уақытта, қоғамда  және мемлекетте сыбайлас жемқорлық  әрекеттері және ол әрекеттермен  күрес жүргізілген. Қазіргі  қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың  бірі  сыбайлас жемқорлықпен күрес. Елдің дамуы  мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың  бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Сарысу ауданының  АХАТ бөлімі осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты  ұстанады  және жұмыс  барысында  басшылыққа  алады.

Л.Абдрахманова,  аудандық АХАТ бөлімінің  басшысы

Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі..

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

«Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ

Аша тұяқтылардың  аусыл ауруы

Аусыл жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты (МІҚ, қой-ешкі,түйе) жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғышы вирус: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, АЗИЯ-1 типтері бар. Бұл ауру адамға да жұғады, әсіресе, жас балалар өміріне қауіпті.

Қойдың аузында, ернінде, желінінде,  аяғында жара (афты) түрінде пайда болып, малдың күйін тез нашарлататын өте жұқпалы індет.

Аурудың қоздырғышы-көп типті вирус. Ауру эпизотия түрінде өте тез тарайды, организмге түскен азғантай вирустің өзі ауру қоздырады, вирустің уыттылығы өте жоғары және вирус сыртқы ортада ұзақ сақталады. Инфекцияның көзі-ауру мал. Ауру мал өрісті, суды, қораны, базды, құрал-саймандарды, мал азығын, күтушінің киімін, т.б. вируспен ластайды.

Ауырып сойылған малдың еті,терісі аурудың көзі болып есептеледі. Вирус құс,жел, автотранспорт, ит, жылқы,т.б. арқылы бір жерден екінші жерге оңай тарайды. Қойда афтылық жаралар бақайдан басталады, ауызда өте сирек кездеседі. Бір күнде отардағы қойдың көбі ақсап шығады. Қой күйістен, судан қалмаса да, қызуы көтеріледі, ілбіп-сілбіп жүреді. Екінші-үшінші күндері қойдың аузында кілкілдеген жалқын күлгін ісіктер пайда болып, кейін жарылып, жараға айналады. Мұндай жаралар тілде,таңдайда кездеседі.

Қой күйістен қалады, бақай қызарып,дертті ісікке шалдығып, жүрісі ауырлайды. Бесінші күні ауыздағы жаралар жазылып, енді бақай дерті асқына түседі, ауырған қойдың ыстығы басылып, жата береді. Бақайдағы ісік жарылып, қанды жараға айналады. Ауырып жазылған малдарда ұзақ мезгілге иммунитет пайда болады. Қойды аурудан сақтау үшін жылына екі рет вакциналайды.

Ауру малдың клиникалық белгілері:

дене қызбасымен қоса ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, жұлықтың терісінде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында, желінінде афтылар болады, сілекей ағады.     Ауырған жануарлардың клиникалық белгілері білінбей, жазылып кетуі де мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жітілі түрде өтілуі мүмкін, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бір типімен (варианты) ауырып, жазылған жануарлар аусылдың басқа типтегі (варианты) қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкін.

Індеттің таралу көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатынын ескеру қажет. Аталған аурудың вирустары сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекеймен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістермен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аурулармен бірге тұрған жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирус тасығыш болып, індеттің қауіпті көзіне айналуы мүмкін.  Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикізаттар,  сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған мал азығы, су, төсеніш, күту заттары, күтушілердің киімдері және аяқ киімдері, көліктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейін) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады.

Аусылдың вирустары жұққан мал азығының, топырақтың, төсеніштің ұсақ бөліктері желмен бірнеше шақырым жерге ұшып баратынын қаперге ұстау қажет. Ауруға диагнозды эпизоотиялық деректермен қоса, клиникалық белгілері және лабораториялық зерттеулердің талдауын негізге алып қояды.

 Аурудан сақтандыру шаралары:

1.Жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда округтік, аудандық, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринария мамандарына, мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына жедел хабарлайды.  2.Аусыл ауруына күдікті жануарларды оқшаулап, басқа жануарлармен араластырмайды. Қойды аурудан сақтау үшін жылына екі рет вакциналайды.

Х.Абзалиев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің

Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы,

вет.сан. инспекторы                                                                                              

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Күннің күрт жылынуынан қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі су тасқынына алып келуі мүмкін.

Осыған байланысты су жолымен қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар беріледі деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны рас. Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіштердің бөлінділерімен ластануы), құрттар, бруцеллез, сальмонеллез беріледі. Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит-А және басқалары жиі кездеседі. Өзендерден, ұсақ көлдерден су тасып, жаңбыр суларымен араласқан кезде еріген су түзіліп, бұл құдықтар мен лас қалдықтар үшін қазылған шұңқырлар, шаруашылық аулалар, дәретханалардағы сулардың жаппай ластануына әкеліп соғады.

Су тасқынының тағы бір проблемасы — кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін. Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажеттігін ескертеді:

  1. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  2. Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау.
  3. Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.
  4. Жеке гигиена ережелерін сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде.
  5. Көкөністер мен жемістерді қай-наған сумен өңдеу, ағынды сумен мұқият жуу.
  6. Тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау. Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмекке жүгініңіз!

Гигиеналық ережелерді сақтау, Сізді көптеген аурулардан қорғайды!

С.Артықбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Белсенділік танытайық

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен бекітілген кестеге сәйкес кездесулері өткізіліп келеді.

2024 жылдың 29 ақпанында аудандық мәдениет үйінде сағат 15:00-де Жаңатас қаласының әкімі І.Домалақовтың қала тұрғындарының қатысуымен арнайы кездесу күні өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Қала әкімі аппараты

«Жасыл ел» бағдарламасы

«Жасыл ел» еңбек бағдарламасы – 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Басты бағыт – табиғатты қорғау, экологияны сақтауға ғана емес, жастардың аталмыш бағдарлама аясында Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстырып келеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өскелең ұрпаққа ұғындырып, көктем-жаз мезгілдерінде демалыс уақыттарын бос өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуына молынан мүмкіндік туады. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында былтырғы жылы 100 жас қамтылды. Жыл өткен сайын бағдарлама аясында жұмыс атқаруға ниет білдірген жастар саны артуда. «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» немесе «бір тал кессең, он тал ек» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Жасыл желек – жан саясы. Жазғы маусым кезінде студент жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.  Сол себепті барлық кәмелет жасқа толған жасөсіпірімдер мен студенттер, жұмыссыз жастарды аталмыш бағдарлама аясында жұмыс жасауға шақырамыз.

«Таза болса маңымыз, сау болады тәніміз» деп атам қазақ айтпақшы, «Жасыл ел» жасағы қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық

 орталығы» КММ-сі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.