ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

0

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары сайлауға қатысатын аудандар мен саяси науқанның күнін белгіледі.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары сайлауға қатысатын аудандар мен саяси науқанның күнін белгіледі.

Сессия отырысына қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев күн тәртібіндегі мәселенің өңіріміздің өркендеуі үшін маңызы зор екендігіне жан-жақты тоқталып, алдағы саяси науқанға дайындықты күшейту керектігін ескертті.

-Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау басталатындығы туралы айтып кетті. Бүгінгі сессияда сіздермен Президенттің осы саяси реформасын іске асырудың алғашқы қадамын жасамақпыз. Өңірде 121 аудандық маңызы бар қала, ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жергілікті атқарушы органдармен сайлау комиссиялары сайлау өткізуде мол тәжірибе жинады. Менің ойымша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың сайлауына толықтай дайынбыз,-деді Ербол Қарашөкеев.

Мұнан соң облыстық мәслихат депутаттары Мейрамбек Дөненбаев қанатқақты жоба бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауын, ал Керімқұл Бегалиев Жуалы ауданы әкімінің сайлауын ұсынды. Аталған аудандар бойынша ұсыныс бір ауыздан мақұлданды. Ал облыстық мәслихат депутаты Дауыл Бейсенқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық секілді маңызды шараларды ескере келе, сайлау күнін 5-ші қарашаға белгілеуді ұсынды. Айтуынша, апта соңына түсетін бұл күн саяси науқанды ұйымдастыруға қолайлы. Сессия соңында аталған мәселелер мен ұсыныстар бойынша шешім жобасы қабылданып, облыс әкімі алдағы саяси кезеңге сәттілік тіледі.

Ербол Қарашөкеев

спортшыларды  құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аралас жауынгерлік жекпе-жектен (ММА) спорт шеберлігіне кандидат Рүстем Құдайбергеновті, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ангелина  Лукасты қабылдады.

Рүстем Құдайбергенов 9 қыркүйекте Alash Pride промоушн турнирінде жеңіл салмақта титулдық жекпе-жек өткізіп, ресейлік Низамуддин Рамазановты нокаутқа жіберді. Бапкері — Дархан Әділбеков.

Ангелина Лукастың  алғашқы бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы — Цой Феликс. 2021 жылдан бас-тап кәсіби рингте 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол WBC, IBO әлем чемпионы. 2023 жылдың  тамызында Стамбул қаласында өткен кәсіпқой бокстан танзаниялық Стумай Мукимен мен Ангелина Лукас арасында 10 раундқа созылған UBO тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғау жекпе-жегінде Ангелина Лукас жеңіске жетіп, UBO тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Өңір басшысы спортшылардың отандық спортты дамытуға қосқан үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Спортшылар халықаралық жарыстарда өнер көрсетуден алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу барысында спорт залын салу үшін жер телімін бөлу мәселесі де көтерілді. Облыс әкімі дене шынықтыру және спорт басқармасына осы мәселені зерттеуге тапсырма берді.

Ербол Қарашөкеев спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жамбыл облысы әкімінің

 баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.