РЕДАКЦИЯ ПОШТАСЫНАН
Шежірелі ґлке-Сарысуым
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын сапалы және тиімді өткізу үшін «Шежірелі өлке — Сарысуым» атты өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат етті. Өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат — жастардың танымдық көзқарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту. Өлкетану сая-хатын жүргізуші мәдениет қызметкері Халықов Нығметжан көптеген тарихи оқиғаларды айтып, республикалық маңызы бар Шоқай датқа кесенесі мен ауыл ортасынан орын тепкен Шоқай датқа ескерткіші туралы, Ықылас Дүкенұлына арналған қобыз бейнесі сомдалған монумент жайында, халық арасында тараған аңыздар туралы көптеген қызықты танымдық фактілермен бөлісті.
Ән ґнерініѕ саѕлаєы
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына арналған «Ән өнерінің саңлағы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: белгілі әншінің шығармашылығы мен өмірінің негізгі деректерімен танысу, қазақтың музыкалық мұрасына деген оң көзқарасты қалыптастыру. Кешті жүргізуші әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап өтті. Алғаш рет Париж сахнасында Әміре Қашаубаев орындаған «Дудар-ай» әнін Халықов Нығметжан орындап берді. Әміре есімі күллі қазаққа әйгілі. Бұл іс- шара көпшіліктің санасындағы әнші бабаларына деген құрмет пен мақтанышты қайта бір жаңғыртуға бағытталды.
Туєан жер-ырысыѕ
Саудакент ауылдық мәдениет үйіндегі «Жас толқын» үйірмесінің жетекшісі Замира Ниязбекованың ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысына арналған «Сенің туып өскен жерің» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Әдеи-сазды кешті өткізудегі мақсат — танымал ақындардың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өнеге тұту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Белгілі ақын-жазушыларымыз Қасым Аманжоловтың «Туған жер», Мұқағали Мақатаевтың «Туған жерге», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме», Бәкір Тәжібаевтың «Туған елім», Қалқаман Сариннің «Туған ауыл», Күләш Ахметованың «Жан дала – жәннат дала» т.б. туған жер, туған ел туралы рухты өлеңдерін Анас Ернар, Қуаныш Әмір, Қуаныш Темір, Әлішерұлы Ернұр, Әбілқасым Олжас, Атымтай Сая шабыттана оқып, поэзияның асқақ рухын сезіне білді. Бұл кеш бүгін мен болашақты байланыстырар рухани азық ретінде есте қалары сөзсіз.
Діни экстремизм-ғасыр індеті
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын-алу мақсатында «Діни экстремизм – ғасыр індеті» атты тақырыптық кеш өтті. «Майлыбай» мешітінің бас имамы Кәрімбеков Ғабит пен Байқадам ауылдық округі әкімінің аппарат жетекшісі Еспенбетов Мұрат ислам жөнінде жалпы түсінік беріп, ілімсіздік, діни экстремизмнің бүгінгі бет-бейнесі туралы, өмірімізде белең алып отырған лаңкестік әрекеттер жөнінде әңгімеледі.
Келешек кемелін діттеген кеште қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндіріліп, көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар берілді.
Табиєат-алтын бесік
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Табиғат – алтын бесік» атты тақырыптық кеш өтті. Сау-дакент ауылдық мәдениет үйінің директоры Жақсыпейлов Ғазиз бен Саудакент ауылдық кітапхананың кітапханашысы Жөгібаева Сәлима қазіргі экологиялық мәселелер жөнінде, әрбір адам табиғатты сақтауға, табиғат байлықтарын ұқыптап қарауға, туған жерін, елін көркем де, құдіретті етіп, әрбір уыс топырағы мен бір тал шөбін қорғауға міндетті екенін айтып, өз ойларымен бөлісті.
Жемқорлық-қоғам дерті
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Жемқорлық – ғасыр дерті” атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: Қазіргі таңдағы белең алған жемқорлықты түп тамырымен жоюға қоғам болып атсалысу. Дөңгелек үстелде сөз алған Байқадам ауылдық округі аппаратының бөлімше басшысы Жақсыбаев Өмірсерік пен Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Еспенбетов Мұрат қазіргі қоғамда орын алған жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу әрбір азаматтың басты міндеті екенін айта келіп, адалдық, парасаттылық және адамгершілік төңірегінде ой қозғап, әр адам өзін құрметтесе, еліне адал қызмет етсе ғана жемқорлық дертінің тамырына балта шабуға болатынына тоқталып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің құқықтары жайлы, сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты танымдарын кеңейтті.
Жастар-елдіѕ ертеѕі
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Халықаралық Жастар күніне арналған «Жастар – елдің ертеңі» атты мерекелік кеш өтті. Жастар күніне орай ауыл жастарын мерекелерімен құттықтаған ауыл әкімінің орынбасары Құлыбеков Жамбыл Қайратұлы: «Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Өресі биік, рухы мықты ауылымыздың жастарын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!»-деп ізгі лебізін білдірді. Мерекелік кеш барысында Нығметжан Халықов «Сені ойлап», «Ауылым» әндерін шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шарада қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту мен қол күресі ойнатылды. Осындай мәдени, ұлттық санамыз бен рухымызды тәрбиелейтін, әсем ән мен көңілді би, қағытпа қалжың мен түрлі қызықты ойындарға толы кеш соңы жастар биіне ұласты.
Имандылыќ-рухани тәрбие
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жастардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Имандылық – рухани тәрбие» атты сұхбат кеш өткізілді. Кеште «Майлыбай» мешітінің бас имамы Кәрімбеков Ғабит көркем мінезді қалыптастырудың маңыздылығы мен иманды жастың Алла Тағала алдындағы дәрежесі туралы, сондай-ақ баланың ата-ана алдындағы парызы мен жақсылығы жөнінде сөз қозғап, өнегелі оқиғалар төңірегінде өсиет айтып, сауалдарына жауап беріп ақыл-кеңесімен бөлісті.