МАЛ БАСЫ САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

0

2023 жылдың 1 қаңтарына аудандағы жалпы ауыл шаруашылығы жануарларының саны 267 971 бас-ты құрады. Оның ішінде 23967 бас мүйізді ірі қара, 232 751 бас уақ мал, 8524 бас жылқы және 2729 бас түйе. Жалпы алғанда ауыл  шаруашылығы жануарларының саны былтырғы жылдың тиісті кезеңімен саны 10 115 басқа артып отыр. Бұл көрсеткіш + 4,0 % құрайды. Бұндай жақсы нәтижеге қол жеткізуге ауыл тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасы және асыл мал шаруашылығын дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдауы септігін тигізді.

«Ауыл — Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту бағытындағы бағдарламасы 2019-2020 жылдары пилоттық жоба ретінде  Байқадам ауылдық округінде жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде Саудакент ауылының 303 тұрғыны 912 бас мүйізді ірі қара, 747 бас жылқы және 2235 бас уақ мал сатып алды. Жоба өз тиімділігін дәлелдеп, басқа да ауылдарда іске асыруға қосымша қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы аталған жоба Жайылма ауылдық округінде жүзеге асуда. 2023 жылы Жаңаталап және Игілік ауылдық округтерінде жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жоба алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округтерін қамтитын болады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы дамыту бағытында ауданның шаруа қожалықтары  2019 жылы 143,2 млн. теңге, 2020 жылы 187,7 млн. теңге, 2021 жылы 227,2 млн. теңге және 2022 жылы 287,6 млн. теңге субсидиялау қаражаттарын алды. Мемлекеттік қолдауларды пайдалану шаруашылықтардағы мал басы санының артуына үлкен септігін тигізуде. Мемлекеттік қолдауларды кеңінен насихаттау және түсіндіру жұмыстары бұдан әрі де жалғасатын болады.

Сарысу ауданы

 әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

КЕЛІСІМ-ШАРТ  БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Әскери бөлімдеріне Жаңатас қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде мерзімді әскери қызметін атқарған азаматтарды келісім-шарт  бойынша қызметке сарбаз, сержант лауазымдарына Гвардейский (Отар), Луговой, Б.Момышұлы, Тараз қалаларына іріктеу жұмыстары өтіп жатқанын хабарлаймыз.

— Әскери бөлім тарабынан пәтер ақысы төленеді.

— тегін медициналық көмек көрсету.

— жылсайынғы кезекті демалысқа шыққанда екі айлық мөлшерінде жәрдемақы алады.

Талаптар.

— Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

— денінің сау болуы;

— қылмыстық жазаға тартылмаған.

Байланыс телефондары:    6-36-04.

Ю.Сериков, Жаңатас қаласының қорғаныс істері  жөніндегі  біріктірілген бөлім бастығы, подполковник

Тұмаудың алдын алу шаралары

Жедел респираторлық вирусты жұқпалар мен тұмау – қоздырғышы ауа тамшы механизмімен берілетін бір-біріне жақын аурулар. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар-өз белгілері бойынша тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын және тұмауды, парагрипп, респираторлық-синцитиальды инфекция-ны, риновирустық және аденовирустық инфекцияларды және жоғары тыныс алу жолдарының басқа да катаральды қабынуын біріктіретін әлемдегі кең таралған аурулар тобы.

Тұмау-эпидемиялық және пандемиялық таралуға бейім, жоғары тыныс жолының зақымданумен көрініс беретін жедел респираторлы вирусты инфекция. Тұмау әлемнің барлық елдеріне таралған.

Инфекция көзі-тұмаумен ауыратын адам. Аурудың жасырын кезеңі 1-2 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Инфекция көзінің ең қауіпті уақыты-аурудың алғашқы күндері. Науқас адам ауру қоздырғышы – вирусты қоршаған ортаға тыныс жолдары секретімен бөледі (түшкіру, жөтелген кезде). Адамнан бөлінген ауру қоздырғышы 1-3,5 метр қашықтыққа дейін таралады.  Ауруға шалдығу балалар арасында өте жоғары, жалпы ауырғандардың 40-50 % құрайды. Ауруға шалдығу балалар мен жастар ұжымдарында (балабақшаларда, мектептерде, студенттер арасында) бір мезгілде таралу түрінде болады.

Тұмау жедел басталады, жеңіл, орташа немесе ауыр клиникалық түрде өтеді. Жедел пайда болған дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, жөтел, бұлшық еттердің ауруы 2-3 күннен бастап бәсеңсіп, асқынбаған түрінде 7 –ші күнге қарай басылады.

Тұмаудың асқынуы: вирустық пневмония, бактериялық пневмония, отит, гайморит, фронтит, гломерулонефрит, менингит, энцефалит. Септикалық жағдайда бактериялар қанға түсіп, оның ары көбеюімен жүреді. Өте ауыр жағдайда өліммен аяқталады.

Тұмаудың алдын алу шаралары:

— Тыныс жолдарын бетпердемен тұмшалау,  яғни жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

— Вирустар қалуы мүмкін заттармен байланысқаннан кейін қолды жуу. Сондай-ақ, лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстамау;

—        Адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын  мүмкіндігінше қысқарту;

—        Ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

—        Үй-жайларда жүйелі түрде ылғалды жуып-тазалау жұмыстарын жүргізу, жиі желдету;

—        Құрамында С витамині бар өнімдерді көбірек пайдаланып, сұйықтықты көп ішу;

Аурудың негізгі алдын-алу шараларының бірі-тұмауға қарсы вакцинациялау. Тұмаудың эпидемиялық маусымның алдында қыркүйек-қараша айларында адамдарды тұмауға қарсы егу-ауруға шалдығуды, асқынуларды болдырмауды, ауыр түрлерін азайтатындығы дәлелденген.

С.Артықбаев, Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін ең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

2023 жылдан бастап ең төменгі жалақының 70 мың теңгеге дейін  артатынын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері айына 2 450 теңгені (3,5% *70 000 теңге),ал ең жоғары мөлшері – 17150 теңгені (3,5%*7*70 000 теңге) құрайтын болады.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі – еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы кезінде азаматтарға әлеуметтік төлемдер алуды қамтамасыз етеді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілетін болады.

Бірінші, жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем, ол жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап еңбек өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірісіне, жүйеге қатысу өтіліне және кірісті ауыстыру коэффициентіне байланысты болады.

Келесі жылдан бастап кірісті ауыстыру коэффициенті 45% — ға дейін артады, бұл әлеуметтік төлем мөлшерінің орта есеппен 13% — ға өсуіне әкеледі.

Айта кету керек, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға нақты төлем алушыларға 45% коэффициенті қолданыла отырып, біржолғы қайта есептеу автоматты түрде жүргізілетін болады. Жамбыл облысы бойынша 1 622 алушыға төлем мөлшері ұлғайтылды.

Екінші, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем бүгінде бала 1 жасқа толғанға дейін тағайындалатын болса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылады.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% — құрайды.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша балалары 2022 жылы туған нақты алушыларға төлем автоматты түрде ұзартылатын болады. Жамбыл облысы бойынша 19 234 алушыға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, атап өтетін жағдай жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Қордан ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемнің 2 түрі төленеді.

Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезеңге тағайындалады және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан төленеді.

Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда — 23 жасқа дейін төленеді.

Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында бұл төлемдердің мөлшері жыл сайын арттырылады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 8,5% — ға өсетін болады.

Жамбыл облысы бойынша 4 009 мың алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2 580 мың асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшері жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.

Сонымен қатар, төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзарту автоматтандырылған режимде жүргізілетінін, яғни алушыларға қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өткім келеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ Қор мен филиалдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан алуға болады.

Н.Искаков, Жамбыл облысы бойынша

«МӘСҚ» АҚ филиал директоры

А. Рахимов, Сарысу аудандық әлеуметтік

қамтамасыз ету бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.