ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 191 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов елді мекендерді ауыз сумен қамту, газдандыру және әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндама жасады.

2022 жылдың қорытындысымен ауылдарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 92 пайызды, қалалар бойынша 92,4 пайызды құрады.

Барлығы 56 елді мекенді орталықтандырылған сумен қамту жоспарланса, оның 25-інде құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталмақ. 26 елді мекенге кешенді блок модульдерін орнату көзделуде.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 274 елді мекен (73,9%) немесе 1029,3 мың адам (89,5%) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. 2023 жылы 22 елді мекендегі 26 485 тұрғынды көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға қарай облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен 100 пайызға қамтамасыз етілуі тиіс. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тездету қажет. Аудандар мен тиісті басқарма өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізбесе, нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл мәселе бірінші рет талқыланып отырған жоқ. Қажетті құжаттарды дайындауда жайбасарлыққа салмаңыздар, – деді Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне.

Аймақ басшысы жылу желілерін қайта жаңғырту жобаларын әзірлеудегі кемшіліктер үшін тиісті басқарма мен аудан әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.

Басқосу барысында әлеуметтік нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау мәселесі де сараланды.

2023 жылы 191 нысанның құрылыс жобаларын іске асыруға 42,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 141 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. 14 білім беру, 10 денсаулық сақтау, 17 спорт, 11 мәдениет нысанын салу жоспарлануда.

Жамбыл облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Н.Нуржигитов провел совещание по актуальным вопросам в сфере строительства и ЖКХ

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел совещание по вопросам энергообеспечения и водоснабжения, газификации населенных пунктов и строительства социальных объектов.

С докладом выступил руководитель управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Кудайберген Корганбаев.

По итогам 2022 года доступ к услугам водоснабжения составил в селах – 92,0 %, в городах – 92,4 %.

Всего 56 населенных пунктов планируется обеспечить централизованным водоснабжением, из них в 25 строительные работы завершатся до конца текущего года. В 26 населенных пунктах планируется установить комплексные блок-модули.

По итогам 2022 года природным газом обеспечено 274 населенных пункта (73,9%) или 1 029,3 тыс. человек (89,5%). В 2023 году планируется обеспечить природным газом 26 485 жителей в 22 населенных пунктах.

— В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева до 2025 года население области на 100% должно быть обеспечено доступом к качественной питьевой воде. Следует оперативно разработать проектно-сметную документацию. Невозможно эту работу провести своевременно без тесного взаимодействия районов с профильным управлением. Этот вопрос обсуждается не первый раз. Не тяните с подготовкой необходимой документации, — обратился Нуржан Нуржигитов к акимам районов.

Глава региона раскритиковал работу профильного ведомства и районных акиматов за недочеты в подготовке проектов по реконструкции тепловых сетей.

В ходе совещания также обсужден вопрос подготовки ПСД для строительства социальных объектов.

В 2023 году на реализацию проектов по строительству 191 объекта выделено 42,6 млрд. тенге, из них 141 объект будет сдан до конца текущего года. Планируется построить 14 объектов образования, 10 объектов здравоохранения, 17 объектов спорта, 11 объектов культуры.

Пресс-служба акима Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.