ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР БЕРІЛДІ

0

Сарысу ауданы бойынша Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасы» аясында қайтарымсыз грант алған азаматтар туралы  мәлімет.

Жаңатас қаласының тұрғыны Тилешова Алия Бегалиевна «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы бойынша оқып, сертификатын алды. 2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасы» аясында 1 225 200 теңге көлемінде грант қаражатын алып, өз ісін ашты. Бүгінде А.Тилешова Жаңатас қаласындағы «Trіumph» сұлулық салонында бір жаңа жұмыс орнын ашып, өз ісін дөңгелетуде.

Саудакент ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат санатындағы қатысушы Қабылбеков Асқар Кеңесұлы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқыту курсын аяқтағаннан кейін, 2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде  «Мүйізді ірі қара өсіру» бизнес-жобасын іске асыру үшін 1 225 200 теңге мөлшерінде грант қаражатын алды. Идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік берген мемлекетімізге, халықты жұмыспен қамту орталығына алғысын білдіреді.

Жеке кәсіп ашу үшін жаңа бастамалар қашанда қолдау табады. Қабылбеков Асқар Кеңесұлы грант қаражатына 2 бас бұзаулы сиыр алып, қазіргі таңда сүт өнімдерін, атап айтқанда құрт, ірімшік, сары май, сүт-айранды Саудакент ауылындағы дүкендерге өткізіп, өзін-өзі жұмыспен қамтуда.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.