САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ — АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

0

Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болуымыз қажет.

Қазіргі ішкі-сыртқы саясаттың дамуына, жалпы еліміздің қарқындап дамуына, экономикамыздың өркендеуіне осындай кезектен тыс сайлаудың өткізілуі өте маңызды.

Мен еліміз үшін жасалынып жатқан маңызды шешімді өз басым толық қолдаймын. Жалпы біздің аудан жастары да түгелдей қолдау білдіріп, саяси науқанға қатысуға дайын.

Бұл сайлау елімізді көркейту жолында экономикамызды дамытып, халықтың тұрақтылығына септігін тигізеді деген сенімдеміз.

 

М.ТЫНЫС,

 «Жастар ресурстық орталығы»

КММ-нің аға инспектор теологы

Leave A Reply

Your email address will not be published.