РЕФЕРЕНДУМ – ЖАҢА ДӘУІР ТАЛАБЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен үстіміздегі жылдың маусым айының бесі күні елімізде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді.

Осыған сәйкес аудандық референдум комиссиясының төрағасы Шортанбаев Дәулетберді Амангелдіұлымен жолығып, ауданымыздағы референдум өтетін учаскелердің дайындығы туралы әңгімелескен едік.

-Учаскелік референдум комис- сияларының  дайындығы қалай? Олардың құрамы қандай?

-Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстарына аудан бойынша 1 аумақтық референдум комиссиясы  және 25 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс жүргізуде. Жалпы аудан бойынша референдумда дауыс беруге құқылы 23935 адам бар. Олар еркін дауыс беру үшін аудан бойынша 25 референдум учаскелері толық жабдықталды.

Аудан бойынша 161 комиссия мүшесі, жоғарыда айтқандай 25 референдум өтетін учаскелерде  дауыс берушілерге қызмет етеді. Олардың барлығы онлайн- қашықтықтан оқытылатын қысқа оқу курсынан өтіп,  тиісті сертификаттарын алды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 мамырында Жаңатас қаласында Жамбыл облыстық референдум комиссиясының мүшесі Жамалов Талғат Салқанұлының қатысуымен республикалық референдумға дайындық жұмыстары туралы арнайы семинар-кеңес өтті.

-Мүмкіндігі шектеулі азаматтар- ға дауыс беруге арналған үй- жайларда дауыс беру үшін  қандай жағдай жасалған?

-Сұрағыңыз орынды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайлардың кіреберісінде тұтқалар, сонымен қатар төсеніштер, пандустар орналасқан және арнайы жабдықталған орындар көзделген. Кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген және арнайы жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жабдықталған.

Мүмкіндігіне орай басқа да жағдайлар, кезекшіліктер ұйымдастырылған. Қоғамдық тәртіп сақтау, төтенше жағдай қызметкерлері тағы да басқа да қызметтер, жедел жәрдем мәселелері де пысықталып, дайындық үстінде.

Бір сөзбен айтқанда аудандағы референдум учаскелері референдум өткізуге толық дайын деуге болады.

-Сұхбатыңызға рахмет. Алдағы маңызды науқанға бір кісідей атсалысайық.

Сұхбаттасқан:

Гүлнара Байбосынова,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.