Балалар мен ересектер үшін судағы қауіпсіздік ережелері

0

Алдымызда суға түсу маусымы тым алыс емес. Балалардың жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысы, серуендеу және әрине, шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылу. Бірақ, қай жерде шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керек.

Су, әрине, біздің досымыз. Иә, біз өзіміз 90% судан тұрамыз. Бірақ кейбір жағдайларда су қауіпті болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ересектер мен балалар жазғы кезеңде шомылу маусымында белгілі бір тәртіп ережелерін сақтауы қажет. Бүгін соларды еске түсіреміз.

Бұзуға болмайтын  маңызды ережелер:

Бірінші кезекте балалар тек ересектердің бақылауымен шомыла алады деп айтқым келеді! Бұл — негізгі ереже.

Шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға БОЛМАЙДЫ. Тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге БОЛМАЙДЫ. Бір – бір жарым сағат өтуі керек.

Арнайы қоршаудан өтіп жүзбеңіз, егер арнайы қоршаулар жоқ болса, онда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Зерттелмеген түбі бар бейтаныс жерлерде суға секіруге БОЛМАЙДЫ. Дауыл кезінде теңізге баруға БОЛМАЙДЫ.

Жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жіберуге БОЛМАЙДЫ. Шеңберлер мен матрастарда жағалаудан алыс жүзуге БОЛМАЙДЫ.

Суда тым ұзақ уақыт болуға БОЛМАЙДЫ, бір түскенде 10-15 минут жеткілікті. Қатты ағысты жерлерде жүзуге БОЛМАЙДЫ. Тым суық суға шомылуға БОЛМАЙДЫ (16 градустан төмен болмау керек).

Міне, осындай тізбе пайда болды, және оны толықтыруға болады. Қайықтардың, катерлердің және кемелердің жанында жүзуге тыйым салынады.

Шын мәнінде бәрі дұрыс бола тұра жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі нақты қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін.

Бұл әрбір адамның өмірі үшін маңызды болып табылатын және әрқашан есімізде ұстауға тиісті қауісіздік ережелері.

Ж.Нұрмаханұлы

Сарысу ауданының ТЖ

бөлімінің аға инженері

   азаматтық қорғау лейтенанты

  

Leave A Reply

Your email address will not be published.